$ 498.34  519.72  4.85

Шымкентте дәрі-дәрмектің бағасын аспандатып сатқандар анықталды (ВИДЕО)

Бұл қоймаларда дәрі-дәрмектер заңсыз сақталған.

Шымкентте дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен заңсыз сатудың онға жуық жағдайы анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Дереккөз мәліметінше, қала аумағында карантин уақытында қажетті дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігін пайдаланып, жоғары сұранысқа ие болған респираторлық вирустық ауруларды емдеуге арналған дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен пайда табу үшін сатқан дәріхана қызметкерлері мен тұрғындарды анықтау мақсатында жедел-профилактикалық іс-шара жүргізілді.

Қабылданған шаралар нәтижесінде дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен заңсыз сатудың онға жуық жайты анықталған.

Жедел іс-шаралар барысында Әлімқұлов көшесіндегі бес үйдің ауласында үш қойма анықталды. Онда тексеру барысында полиция қызметкерлерімен шақырылған фармацевт мамандарға қойма иесі дәрі-дәрмектерді сатуға арналған арнайы лицензиясын көрсетті. Алайда бұл лицензия басқа ғимаратқа арналғаны туралы фармацевт мамандар баяндады. Бұл қоймаларда дәрі-дәрмектер заңсыз сақталған. Фармацевт мамандар қоймада анықталған дәрі-дәрмекті үш топқа бөліп, әрбір дәрі-дәрмектің қайда қолданылатыны туралы түсінік берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары