$ 494.87  520.65  4.91

Министр қолдан жасалған өкпені желдету аппаратын (ИВЛ) пайдаланбауға шақырды

Министрдің түсіндіруінше, аппаратқа құйылатын сұйықтық таза болмай қалса, онда бұл жайт өкпенің түрлі бактериялармен зақымдануына алып келеді.
Фото: pikabu
Фото: pikabu

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ел тұрғындарын қолдан жасалған өкпені жасанды желдету аппараттарын пайдаланбауға шақырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Әлеуметтік желілердегі азаматтардың өз қолдарымен жасап алуға тырысып жатқан әр қилы тәсілдерін көріп отырмыз. Олар түрлі құралдар арқылы тыныс алу қызметтерін жақсартуға тырысады. Қолдан жасалған құрылғыны интернеттен көріп алып, үйлерінде өзінше ем алу үшін жасап алады. Бұл ретте, барынша сақтық таныту қажет», - деді министр бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде тілшілердің сауалына орай.

Министрдің түсіндіруінше, аппаратқа құйылатын сұйықтық таза болмай қалса, онда бұл жайт өкпенің түрлі бактериялармен зақымдануына алып келеді.

«Қолдан жасалған мұндай құрылғыларға барынша сақтықпен қараған жөн. Аурудың асқынуына алып келуі мүмкін тәуекел барлық уақытта болады. Өкінішке орай мұндай фактілер тек бізде ғана орын алып отырған жоқ. Сондықтан азаматтарымызды сақтандыруымыз қажет», - деді Алексей Цой.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары