$ 449.58  486.94  4.86

Алатау ауданында  413 көшеге электр жүйесі орнатылады

Қазіргі уақытта шам болмаған көшелердің барлығында жарықтандыру мәселесі толықтай шешілген.

Алатау ауданындағы мүлдем жарығы жоқ 413 көше 2020 жылдың соңына дейін толық электр жүйесімен қамтылатын болады. Алатаулықтар түйткілді мәселе – жарықтандыруды тамыз айында қала әкімімен өткізген кездесуде көтергеннен кейін оң шешімін тауып отыр, деп хабарлайды Sn.kz.

Алатау ауданында осы уақытқа дейін барлығы 413 көшеде мүлдем жарықтың жоқтығы жергілікті тұрғындардың тұрмысын біршама қиындатқан еді. Әсіресе, «Мәдениет» шағын ауданындағы 75 көшеде, сондай-ақ аулаларда мүлдем шам болмаған. Ал, былтыр тамызда қала әкімімен кездескен алатаулықтар осы мәселені шешіп беруді сұраған еді.

«Өздеріңіздің қалталарыңыздан шығарып жасаған электр жүйесі мен айтып отырған басқасының бәрі... мен қазір тапсырма бердім», – деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Қазіргі уақытта шам болмаған көшелердің барлығында жарықтандыру мәселесі толықтай шешілген. Бүгінде ауданда жалпы аумағы 195 шақырым көшеде жарық бағандары орнатылуда. Ал, «Мәдениет»-тегі 75 көшенің 56-сында электр жүйесі жасақталып, жартылай жарықтандырылған көшелерде құрылыс жұмыстары жылдың соңына дейін аяқталмақ. Ол үшін жобалық-сметалық құжаттар жасалып жатыр дейді аудан әкімі.

«Жалпы аудан бойынша 413 көшеде мүлдем жарық болмаған. Сол көшелердің барлығы жарықтандырылады. «Рахат» мәдениеттің ішіндегі 75 көшенің 56-сы жарықтандырылды. Жаңа форматтағы жарықтандыру бағанаттары орнатылып жатыр», – деді Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков.

Алдағы уақытта аудан әкімдігі мен қалалық Энерготиімділік және инфроқұрылымдық даму басқармасы Алғабас пен Теректіні де жарықтандыруды жоспарлап отыр.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары