$ 494.87  520.65  4.91

Алматының Жетісу ауданында жаңа гүлзар ашылды

Құрылысы мамыр айында басталған шағын саябақ халық игілігіне берілді.

Алматының Жетісу ауданында жаңа гүлзар ашылды. Серіков көшесі бойында орын тепкен саялы саябақ ауданның келбетін ажарландыра түсумен бірге, тұрғындардың демалып, серуендейтін ыңғайлы орнына айналды. Гүлзар халықтың сұрауы бойынша жасалған. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев халықпен кездескен кезде тұрғындар осы жайтқа ерекше көңіл бөлуді сұраған еді, деп хабарлайды Sn.kz.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев желтоқсан айында Жетісу ауданы халқымен екінші рет кездесті. Тұрғындардың басым бөлігі аумақты көгалдандыру мәселесіне ерекше көңіл бөліп, шаһар басшысынан Серіков көшесі бойынан гүлзар ашып беруді өтінген еді.

Бұл түйткіл көп күттірмей шешілді. Құрылысы мамыр айында басталған шағын саябақ халық игілігіне берілді. Осылайша, заман талабына сай жабдықталған гүлзар тұрғындардың демалыс орнына айналды.

«Мамыр айында бұл жұмыстарды бастап, бітірдік. Осындай 22 лэд шамдар орнатылды, спорттық тренажерлар, воркаут алаңы, балалар алаңы, шахмат ойнайтын үстелдар және 17 орындық пен қоқыс тастайтын жәшіктер жасалды. Және осындай заманауи брусчатка салынды», – деді Жетісу ауданының әкімі Мақсат Қиқымов.

Жетісулықтардың талап тілегі ескеріліп, серуенге шығуға бар жағдай жасалған гүлзардың құрылысын қала әкімі Бақытжан Сағынтаев өзі тексеріп шыққан болатын.

«Бұл гүлзар аудан тұрғындарының өтініші бойынша салынғанын жақсы білесіздер. Бүгін өзім құрылысының сапасы мен аяқталуын тексеріп арнайы

келіп отырмын. Аудан үшін жақсы демалыс орны болады деп сенемін. Ал біз қаламызды, қаламыздағы әрбір ауданды одан әрі гүлдендіру үшін жұмысымызды жалғастыра береміз», - деді Алматы қаласының әкімі бақытжан Сағынтаев.

Шаһар басшысы ауданда көгалдандыру және абаттандыру аясында жасалып жатқан жаңа жобалармен жеке танысқан еді.

«Бұл халыққа істеп жатқан тірлігі жақсы. Демалу орындары жақсы. Енді шынын айтқанда қиын еді. Көшеде жүру де қиын еді. Көлік көп, бәрі көлігін қоятын еді. Бәрін жасап жатыр. Рахмет әкімдікке. Бәрі жақсы. Өзім зейнеткермін. Біздің жасымызда осындай гүлзарда, таза ауамен серунедеп, таңғы және кешкі жаттығуларды жасап тыныққан пайдалы. Сондықтан біз қала әкімінің бұл сыйына джән ризамыз. Ауданымыз бұдан әрі гүлдене берсін», - дeді аудан тұрғыны.

Жалпы биыл Жетісу ауданында 12 саябақ көгалдандырылады. Ал Jasyl Almaty жобасы аясында 20 мың жас көшет егілетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, Алматының жетісу ауданындағы Серіков көшесінің бойынан жаңа гүлзар ашылған болатын. Аталған гүлзарда 22 лэд шамдар орнатылып, спорттық тренажерлар, воркаут алаңы, балалар алаңы, шахмат ойнайтын үстелдар және 17 орындық пен қоқыс тастайтын жәшіктер жасалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары