$ 494.87  520.65  4.91

Қытай Қазақстандағы азаматтары үшін алаңдаулы

"Жаңа вирус" деген айдар тағып, барынша сақтану қажет деп осылайша дабыл қағып отыр.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Қытай Қазақстандағы отандастарына алаңдап отыр. Коронавирустан да қауіпті жаңа вирустың тез таралуына байланысты Нұр-Сұлтандағы Қытай елшілігі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды КТК арнасы.

Ал оны әлемнің танымал ақпарат құралдары жарыса жазып жатыр. Қытайлық дипломаттар Қазақстанда беймәлім аурудан қайтыс болғандардың саны Covid-19-дан да асып кеткеніне алаңдаулы.

"Бұл ауруды не қоздыратынын анықтау үшін арнайы зерттеу жүргізіліп жатыр. Коронавируспен салыстырғанда өлім көрсеткіші әлдеқайда жоғары. Елшілік Қытай Халық Республикасының азаматтарын сақтық шараларын сақтауға шақырады. Сонда ғана індетті жұқтыру қаупі азаяды", - деді Қытайдың Қазақстан Республикасындағы елшілігі.

Қытай дипломаттарының жаңа инфекция дегені – пневмония. Олар Атырау, Ақтөбе облыстары мен Шымкент қаласындағы көрсеткіштің күрт көбеюін негізге алып, осындай тоқтамға келген. "Жаңа вирус" деген айдар тағып, барынша сақтану қажет деп осылайша дабыл қағып отыр. Алайда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты шындыққа жанаспайды деп, ресми түрде жоққа шығарды. 

"Бізде ДДСҰ-ның халықаралық індетті  реттейтін классификациясы бар. Оның кодтары бар мына пневмания ауруына сай. Сол классификацияға сәйкес, біз пневмония ауруын міндетті түрде есепке алып, мониторинг жүргіземіз. Сол мониторингтың арқасында дер кезінде шара қолданамыз. Сондықтан да Қытай ақпарат құралдарының беріп отырған бұл мәліметі шындыққа еш жанаспайды", - ҚР Денсаулық сақтау министрілігің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары