$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде биыл 3 мың дана өкпені жасанды желдететін (ИВЛ) аппарат шығарылмақ

Алғашқы 50 құрылғы ауруханаларға осы айда жеткізіледі.
Фото: tvr.by
Фото: tvr.by

Жыл соңына дейін отандық өндірушілер шамамен 5 мың стационарлық және 2,5 мыңнан астам өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратын шығарады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Біз Денсаулық сақтау және Қаржы министрліктерімен бірлесіп өкпені жасанды желдету аппараттарын өндіруді жалғастырып жатырмыз. Қазіргі кезде 3000 аппарат қажет. Елордадағы «Барк Текнолоджи» ЖШС және «Қазақстан Аселсан инжиниринг» ЖШС кәсіпорындары айына 550 аппараттан жасайтын болады. Қосымша қажеттілік туындаған жағдайда Орал мен Шымкент қалаларындағы компаниялар тартылады. Алғашқы 50 құрылғы осы айда жеткізіледі», - деді Ержанов.

Оның айтуынша, шілде айының соңына дейін «Тыныс» АҚ Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге ӨЖЖ 270 мобильдік аппаратын жеткізеді. Осылайша, қазақстандық кәсіпорындар қосымша қажеттіліктерді ескере отырып, жыл соңына дейін 4930 стационарлық және 2695 ӨЖЖ аппаратын шығара алады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары