$ 444.22  476.38  4.82

Кемеңгерліктің шыңы – Абай

Таяуда ғана оқырмандар назарына ұсыныла бастаған «Абайдың қара сөздері» танымдық сағатын хакім Абайдың даналығын, өнегелі өмірін өскелең ұрпаққа насихаттау жолындағы ең маңызды шаралардың бірі деуге болады.
Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

Биыл қазақтың бас ақыны, ұлы ойшыл, философ, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толып отыр. Хакім Абайдың мұрасын тануға ұмтылған сайын ғажайып сипаттары ашыла беретіні анық. Абайды тану, жас ұрпаққа таныту – әрбір қазақтың міндеті.

Осы орайда Қызылордадағы Әбділда Тәжібаев атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасының Абай мұраларын насихаттаудағы жұмыстарын ерекше атап өтпеске болмайды. 

Кітапхана ұжымы жыл басынан бері Абайдың 175 жылдығына арналған шараларды жүйелі түрде өткізуде. Ел ішінде төтенше жағдай жарияланған тұста да кітапхана тарапынан оқырмандар үшін онлайн шаралар ұйымдастырылды. Бүгінгі күні онлайн режиміндегі іс-шаралар өз жалғасын тауып келеді. Мәселен, «Кемеңгерліктің биік шыңы – Абай» атты 4 бөлімнен тұратын онлайн кітап көрмесі оқырмандарға Абай шығармашылығы туралы мазмұнды деректерімен құнды деуге болады. Ал, «Абайды бірге оқимыз» атты поэтикалық марафон оқырмандардың поэзия әлеміне бойлауына жол ашқандай. Соның нәтижесінде бұл онлайн марафон әлі де жалғасу үстінде. 

Абайды әлемге танытқан туынды әлбетте «Абай жолы» роман-эпопеясы. Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» туындысын насихаттау мақсатында кітапхана тарапынан «Әлем әдебиетінің алыбы» атты виртуалды кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесі барысында кемеңгер жазушы Мұхтар Әуезов туралы құнды ақпараттар айтылды. 

Таяуда ғана оқырмандар назарына ұсыныла бастаған «Абайдың қара сөздері» танымдық сағатын хакім Абайдың даналығын, өнегелі өмірін өскелең ұрпаққа насихаттау жолындағы ең маңызды шаралардың бірі деуге болады. Кітаптар мекенінде өткізіліп жатқан Абай туралы шаралар легі әлі де жалғасын таба бермек. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары