$ 494.87  520.65  4.91

Ақыл боп қара сөзі сананы ашар

Өлең өнерін қазақ қара сөз демейді, қара сөз проза деген мағынада айтылады.
Фото: ашық дерек көзі
Фото: ашық дерек көзі

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Қызылорда облысы, Жалағаш ауданындағы балалар кітапханасы «Ақыл боп қара сөзі сананы ашар» атты әдеби шара ұйымдастырды.

Онлайн  режимінде өткен әдеби оқу барысында Абайдың бірінші, жетінші қара сөздері оқылды. Фейсбук әлеуметтік желісінде өткен іс-шараға аудан оқушылары белсене атсалысты. Сонымен қатар, оқырмандарға қара сөз туралы мазмұнды мағлұмат берді.

«Абайдың философиялық, көркемдік, әлеуметтік, гуманистік және дінге деген көзқарастарының терең білінген еңбегі – қара сөздері. Қара сөз –еркін ой білдіру формасы. Қара сөздер деген атау өлең сөзден бөлек дүниелер мағынасын білдіреді.

Өлең өнерін қазақ қара сөз демейді, қара сөз проза деген мағынада айтылады. Адам ауызекі тілде өлеңді емес қара сөзді қолданады. Абай бұл жөнінде «қазаққа қара сөзге дес бермедім», - деп қара сөзді шешендік өнер мәнінде айтқан.

Абайдың қара сөздері дүниетанымдық мазмұнда тек бір халықтың, не ұлттың еншісіне қатысты мәселелерді айтумен шектемеген, онда адамзат тарихы барысында сан заманның ғұламаларын толғандырып келе жатқан мәселелерге талдау жасалған. Абайдың қара сөздері әлемдік өркениетте өз орны бар келелі мәдени мұра», - деп атап өтті шараны ұйымдастырушылар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Абай #өлең