$ 449.58  486.94  4.86

«Абай жолы» таным көкжиегін кеңейтетін туынды

Мамандар балалар оқитын бірнеше кітаптың тізімін де жариялаған.

Бүгінгі күні балалардың жазғы демалысы үй жағдайында өтіп жатыр. Бұл кезеңдер жеткіншектердің жеке дамуына көңіл бөлінетін уақыт екенін ескерген Қызылорда облыстық білім басқармасының мамандары балалардың ой өрісін, шығармашылығын арттыруға арналған пайдалы ресурстар мен керекті кітаптарды оқуға шақыруда. Осы орайда Абайдың қара сөздері мен Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романының орны ерекше екенін атап өтіп, оқуға кеңес берді. 
«Көркем шығарма мен поэзияны оқуға ынтасы ерек, ғаламдық жаңалықтарды білуге деген қызығушылығы бар оқушылар үшін демалыс уақытында кітап оқығаны абзал. Ерекше қабілетті дамыту, үйірмелердегі керекті кеңестерді балалар инстаграм желісіндегі «online_vacation_qzo» парақшасынан таба алады. Оқушылар бос уақытында Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романын оқыса нұс үстіне нұр болары сөзсіз. Оған қоса Бердібек Соқбақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» повесін және Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» әңгімесін, әлем әдебиетінен Джонатан Свифтің «Гулливердің саяхаты» романын оқуына болады. Сондай-ақ, «100 жаңа оқулық» жобасымен жарыққа шыққан әлемнің 40 тілінде 30 миллион данамен таралған әлемдік бестселлер, қазақ тіліне аударылған Стивен Р.Ковидің «Жасампаз жандардың 7 дағдысы» кітабын оқуға кеңес береміз. Бұл кітаптар әр баланың жеке тұлғалық дамуына оң әcерін тигізеді деп сенеміз», - дейді сала мамандары. 
 Мамандар балалар оқитын бірнеше кітаптың тізімін де жариялаған. 
1. Абайдың «Қара сөздері»
2. М.Әуезов «Абай жолы»
3. І.Есенберлин «Елім-ай» трилогиясы
4. Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя»
5. Б.Соқбақбаев «Балалық шаққа саяхат»
6. Ш.Мұртаза «Ай мен айша»
7. Ә.Нұрпейісов «Қан мен тер»
8. Ә.Кекілбаев «Шыңырау»
9. М.Мағауин «Бір атаның балалары»
10. С.Мұратбеков «Жабайы алма»
11. Тынымбай Нұрмағамбетов шығармалары (әңгімелер мен повестер)
12. С.Елубай «Ақ боз үй»
13. Стивен Р.Кови «Жасампаз жандарды 7 дағдысы»
Орыс тіліндегі
1. К.Шваб «Четвертая промышленная певолюция»
2. Булат Окуджава «Прелестные приключения»
3. Дэн Смит «Тайна брата.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Абай жолы