$ 449.3  489.69  4.89

«Мұхтар Шаханов дүниеден озыпты» деген ақпарат рас па?

Қазір ғана сөйлестік.
фото: stan.kz
фото: stan.kz

"Құлақтандыру!" деген сөзді үлкен әріппен жазған Мұхтар Шахановтың орынбасары Құдияр Біләл ақынның аман-сау екендігін айтты. Оның жазуынша, әлеуметтік желілерде әлдебіреулер "Мұхтар Шаханов қайтыс болды" деген сыңайда жалған ақпарат таратып жатқан көрінеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Кей ағайындар әлеуметтік желі бетінде: "Мұхтар Шаханов дүниеден озыпты" деп хабар таратуда. Басын ашып айтайық, жаңсақ хабар. Ағамыз дін аман. Қазір ғана сөйлестік. Сондықтан өтірік ақпарды таратуды тоқтатайық!", - деп facebook парақшасында жазба қалдыру арқылы қауесетке нүкте қойды. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін біз 78 жастағы белгілі ақынның екі өкпесі қабынып, ауруханаға түскенін хабарлаған болатынбыз. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары