$ 494.87  520.65  4.91

«Қаралы шаңырақтар, азалы отбасылар»: зиялы қауым өкілдері үндеу жасады (ВИДЕО)

Сақтық шараларын, медициналық нормаларды сақтап, індетті жеңуге бір кісідей жұмылып, ат салысайық. Бұрын шақырған жерден қалма деуші еді, қазір шағырған жерге барма дейтін мәтел пайда болды.

Алматыда зиялы қауым халықты карантин режимін қатаң сақтауға үндеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Алматы телеарнасына сілтеме жасап.

Зиялы қауым Алматы қаласында қауіпті індетті жұқтыру деңгейі өте жоғары екенін айтады. Карантин талаптарын сақтау, маска тағу, адам көп жиналатын жерге бармау, бара қалған жағдайда арақашықты сақтау міндет екенін ескертеді. Зиялы қауым қарттардан гөрі жастардың тәртібіне назар аудару, тығылып той жасау әдетінен тыйылу, халықтан отандастарымыздың амандығын сақтауға бір адамдай жұмылып, ат салысуға шақырды.  Бұрын-соңды болмаған нәубет кезінді елді бірлікке шақырды.

«Бетпердені ұмытпа, өміріңді сақтап қал».  Алматыда дәл осындай ұранмен бетперде тағу маңыздылығын насихаттау акциясы жалғасуда. Бүгінге дейін халық көп жиналатын орындарда және көше бойында 36 265 ақпараттық тақтайшалар ілінген. Лед-экрандарда да ковид-19-дан сақтану шаралары туралы бейнероликтер көрсетіліп жатыр. Игі шараның басты мақсаты – қаладағы эпид-ахуалды тұрақтандыру.

«Бұрын-соңды болмаған мынадай нәубет кезінде бірігейік, бірлесіп жұмыс істейік, бір-бірімізді тыңдайық. Жоғарыдан беріліп жатқан міндеттемелерді орындайық. Қарт буанның тәртібіне сенемін. Мынау жастардың тәртібіне көңіл аударып отырмын. Жиын, той жасауды доғару керек. Мемлекетімізді байлығы – халық. Әрқайсымыз бір-бірімізге адал болайық, бір-бірімізге қорғаныш болайық, бір-бірімізді сақтайық», – дейді КСРО халық әртісі, Қазақстанның Еңбек ері Асанәлі Әшімов.  

Індет ханды да, тақырды да таңдамайды. Сол себепті бүгінде әрқаймысызға карантин талаптарын қатаң сақтау маңызды болып тұр. Жазушы Смағұл Елубай көпшіліктің карантин талаптарын сақтамағаны себепті қаладағы жағдай күрделеніп кетті ме деген пікірде. Қазіргі қабылданып жатқан жатқан шектеулер дер кезінде жасалған жұмыс екенін айтады. 

«17 күн бойы ауруханада жатып бір ғана нәрсені тіледік. Бір Алладан басымыздан өтіп жатқан ахуалды адам басына бермегей деп тіледік. Ең алдымен, жақындарымызға, балаларымызға, немерелерімізге осы індетті көрсепегей деп тіледік. Алматы қаласында коронавирус індетін жұқтыру деңгейі өте жоғары. Алматылықтардың той, бас қосу, жаңаза, әсіресе, жастардың бас қосуы тоқтамай тұр. Бұл трагедияның шет жағасын көзімізбен көріп отырмыз. Маска тағу, адам көп жиналатын жерге бармау, бара қалған жағдайда арақашықты сақтау бәрімізге міндет дегім келеді. Карантин талаптарын сақтамау – қасіретке алып келеді», – дейді жазушы Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері С. Елубай.

«Әлемді тітіреткен коронавирус індеді біздің халқымызға да қырғидай тиіп, шетінен баудай түсіріп жатыр. Күнде еститінің – қаралы хабар, азалы сөздер. Халқымыздың небір аптал азаматтары, қайраткер тұлғалары, таланттары беймезгіл дүниеден өтіп жатыр. Қаралы шаңырақтар, азалы отбасылар күннен-күнге көбейіп барады. Біз сақтық шараларын қайтадан күшейтуіміз керек. Былайша отырып, шыбынша қырыла беруге болмайды. Сақтық шараларын, медициналық нормаларды сақтап, індетті жеңуге бір кісідей жұмылып, ат салысайық. Бұрын шақырған жерден қалма деуші еді, қазір шағырған жерге барма дейтін мәтел пайда болды. Сонда да тығылып той жасау әдеті тыйылмай тұр. Біз карантин тәртібін орындамау арқылы коронавирус секілді дұшпанға көмектескен сияқты боламыз. Бұған қазақты «ұятын» кінәлі етіп жатқандар бар. Бұл дұрыс емес, қазақтың ар-ұяты әрқашан биікте. Бұның себебін ұяттан емес, ұятсыздықтан, тәртіптен емес, тәртіпсіздіктен іздеуіміз керек. Үмітпен өмір сүріп, сеніммен күн кешейік», – дейді Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, ақын Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ұлықбек Есдәулет.

«Қадірлі алматылықтар! Алаш жұртының ұлы қаласы ретінде бүкіл зиялы қауымның мәдениет пен өнердің, ғылымның ордасы болған ұлы қаламызда аурудың зардабын қатты сезініп отырмыз. Сондықтан бәріңізді бір адамдай жұмылып, біріңіздің өміріңізді біріңіз қорғап, өз өміріңізді қорғап, отыңыздың басын, отандастарыңыздың өмірін сақтауға бүкіл ерік-жігеріңізді бағыштауға сұраймыз. Біз сол арқылы уақыттың алдында, заманның алдында, ұлтымыздың, мемлекетіміздің іргесін сақтап қала аламыз деп берік айтар едім», – дейді ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Нұрлан Оразалин.

Тұрғындарға күшейтілген карантин талаптарын таныстару жұмыстары белсенді жүргізілуде. Шараны әкімдік өкілдері мен еріктілер бірлесе ұйымдастырып жатыр. Олар бүгінге дейін мегаполис тұрғындарына карантин талаптарын сақтауға бағытталған 23 155 ақпараттық жаднамалар таратты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары