$ 494.87  520.65  4.91

Алтын Орда мемлекеті қалай құлдырады?

Өртке оранған қала тұрғындарының біразы құлдыққа сатылды. Шабуылды үдеткен Әмір Темір қажы Тархан, Қырым және Ресей қалаларын да басып алады.
фото: z-taraz.kz
фото: z-taraz.kz

Алтын Орданың 750 жыл толуына орай Қызылорда облысы, Қармақшы аудандық балалар кітапханасы онлайн форматта «Алтын Орданың құлдырауы» атты бейнеролик ұсынды. Ұлық ұлыс туралы дайындалған бейнематериалда алып мемлекеттің ыдырауы туралы тарихи мәліметтер берілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Алтын Орда мемлекеті тарихи әдебиеттерде Қыпшақ ұлысы деп аталды. Тайпалар жалпылама атаумен қыпшақтар деп аталса да, олардың өздеріне тән дүниетанымы, тілдік, шаруашылық тұрғыдағы ерекшеліктері болды.  Алтын Орданы мекендеген түркі-монғол тайпаларының әскери мәдениеті, ептілігі өте жоғары болған. Жошы ұлысы құрылған күнінен бастап Қарақорымдағы Ұлы қағанға бағынбай, дербес саясат жүргізді. Алтын Ордада монғолдар басым тайпа болған жоқ. XIV ғасырда монғолдар түркіленіп, Алтын Орданың халқы татарлар деп аталып кетті. Сонымен қатар Алтын Орда Берке ханның тұсында біртұтас Монғол империясынан бөлек тәуелсіз мемлекет болды. Кейін Алтын Ордада Мөңке хан өз атынан теңге шығара бастады. Алтын Орда XIV ғасырдың бірінші жартысында Өзбек пен Жәнібек хандар тұсында қарыштап дамыды. Өзбек хан тұсында Алтын Ордада ислам діні мемлекеттік дін болып жарияланды. Алтын Орданың тәуелсіз иеліктерге бөлінген кезі XIV ғасырдың екінші жартысы болатын», - деп алып империя туралы мазмұнды мағлұматтар айтылды. Одан әрі Алтын Орда мемлекетінің құлауына себеп болған тарихи оқиға жайлы баяндалды.  
 
1395 жылы Тоқтамыс пен Темір арасындағы соғыс Солтүстік Кавказ өңірінде, Терек маңайыңда қайта басталды. Тоқтамыс ханның әскерін жеңген Әмір Темір Алтын Орданың астанасы Сарай-Беркені басып алды. Өртке оранған қала тұрғындарының біразы құлдыққа сатылды. Шабуылды үдеткен Әмір Темір қажы Тархан, Қырым және Ресей қалаларын да басып алады. Әмір Темірдің мақсаты қайткенде Алтын Орда мемлекетін әлсірету еді. Ақсақ Темірдің ол ойы орындалды. Тарихта бауырлас болған екі мемлекет осылайша бірін-бірі құлдыратты. Алтын Орданың ыдырап,  беделін жоғалтуы орыс мемлекетінің көтерілуіне жағдай жасады.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Алтын Орда