$ 494.87  520.65  4.91

Әл-Фараби – Ұлы Даланың ұлы тұлғасы

Нағметулла Бексұлтан есімді жас оқырман ғұламаның «Тіршілікте құрыштай бол төзімді» жырын тарту етті.
фото: turkystan.kz
фото: turkystan.kz

Қызылорда облысы, Арал ауданына қарасты Жаңақұрылыс ауылдық кітапханасының ұжымы Әбу Насыр Әл-Фараби бабамыздың туғанына 1150 жыл толуына орай «Ұлы Даланың ұлы тұлғасы» атты таным сағатын ұсынды. Онлайн шараның мақсаты – Шығыс ойшылының шығармашылығын насихаттау», - дейді ұйымдастырушылар. 

«Орта ғасырларда адамзат білімін молайтып, ақыл-парасатының жетілуіне орасан зор еңбек сіңірген ғұламалардың бірі қазақ топырағынан шыққан данышпан перзент Әбу Насыр әл-Фараби әскербасының отбасында 870 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби Отырар медресесінде, Шаш, Самарқан, Бұқара, кейін Мысырда, Бағдат шаһарларында білім алған. Әл-Фараби түркі ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі. Әлемнің екінші ұстазы атанған ғұлама Орта Азия, Парсы, Ирак, Араб елдері қалаларына жиі сапарлар жасаған. Ол маңдарда көптеген ғұламалармен, ойшылдармен, ақындармен, қайраткерлермен танысып, жүздесіп отырған. Әл-Фарабидің 70-ке жуық тілді игеруі де ғұламаның ерекше қыры екендігін көрсетсе керек. 

Өздігінен көп оқып, ізденген философ өз шығармаларында көне грек оқымыстыларының еңбектеріне талдау жасады», - деп екінші ұстаз туралы мазмұнды мәлімет берілді. Одан әрі кітапхананың тұрақты оқырманы Фариза Қаршығаева Әл-Фарабидің «Қашықтасың» өлеңін оқыды. Сонымен бірге, Нағметулла Бексұлтан есімді жас оқырман ғұламаның «Тіршілікте құрыштай бол төзімді» жырын тарту етті. 

«Білім, ғылым әлеміне жетелеген Әл-Фараби мұрасын бүгінгі буын тұтас ізденуге міндетті», - деген кітапхана ұжымы оқырмандарды «KazNet» порталдарында, «kitap.kz» сайтында тіркелген Әл-Фарабидің туындыларын оқуға шақыра отырып, онлайн шараны түйіндеді. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары