$ 494.87  520.65  4.91

«Ұстаздың оралуы» романы Әл-Фарабидің ғибратты өмірінен

Адамдықтың, жақсылықтың мәңгілік жауы надандық күмәнін сейілту үшін ең адамл, таза даму, көркею жолын іздеп, ақиқатпен, біліммен қаруландыру үшін өмір бойы еңбектенген.
фото: presidentlibrary.kz
фото: presidentlibrary.kz

Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» атты еңбегі орта ғасырлардағы Орта Азия мен Таяу Шығыс қалаларын суреттейді. Бұл еңбек құдды әл-Фарабидің өз үніндей мазмұнға ие.

 Ғұлама ойшылдың «Бақытқа жету жолын көрсету», «Азаматтық саясат», «Мемлекеттік қайраткердің афоризмдері», «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактаттар» секілді үзінділері кітаптың арнайы бөлімінде келтірілген. Сонымен бірге, кітапта данышпан ғалымның рухани болмысын көрсететін, әл-Фараби еңбектерінің қыр-сырын, прогрессивті әлеуметтік-философиялық ойдың дамуындағы маңызы және оның әлемдік мәдениет тарихындағы орны туралы мақалалары келтірілген. Жазушы әл-Фарабидің «Музыканың ұлы кітабын» көркем желіге айналдырды. Бұл романнан әлемге білім шырағын жаққан, соңына рухани мол мұра қалдырған әл-Фарабидің жарқын бейнесін көруге болады.

«Ұстаздың оралуы» романында Әнуар Әлімжанов сонау 10 ғасырда өмір сүрген кемеңгер ғалым, заманында әлемнің екінші ұстазы атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің ғибратты өмірін сөз етеді. Адамдықтың, жақсылықтың мәңгілік жауы надандық күмәнін сейілту үшін ең адамл, таза даму, көркею жолын іздеп, ақиқатпен, біліммен қаруландыру үшін өмір бойы еңбектенген. Өз басының тыныштығы мен бақытын осы мақсатқа құрбан еткен ғажайып ғалым Әл-Фарабидің өшпес өнегесін айту әрі ауыр, әрі құрметті міндет. Бір халықтың ғана емес, барша жұрттың алдында білім шырағын жаққан, артына таусылмас мол рухани байлық қалдырған Әл-Фарабидің жарқын тұлғасы туралы романнан алар өнеге көп», - дей келе, Сыр кітапханашылары оқырмандарға «Ұстаздың оралуы» еңбегін оқуға кеңес берді. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары