$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстандық турист Израильден шыға алмай қалды

Қазақстан Израильде соғыс болып жатқан аймақта қалған қазақстандық туристке жан-жақты көмек көрсетеді. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Нұржан Айтмаханов мәлім етті, деп хабарлайды «Азаттық» радиосы.

— Диана Назароваға қазір көмек көрсету жағын қарастырып жатырмыз. Ал жалпы Израильде Қазақстаннан қанша адам турист ретінде демалып жатқанын білмейміз. Сыртқы істер министрлігі туристердің есебін жүргізбейді. Егер Израильде қалып қойып, елге қайтқысы келген туристер болса Тель-Авивтегі Қазақстан елшілігіне барып тіркеуге тұруы тиіс, біз көмектесеміз, — деді Н.Айтмаханов.

23 шілде күні Instagram желісінде Иерусалимге Түркиядан саяхаттап барған Диана Назарованың Израильден шыға алмай отырғаны туралы жазбасы жарияланған.

«Мұнда соғыс басталды, палестиндік зымыран құлап, әуежай жабылды» деп жазған ол өзін басқа туристермен бірге Иерусалимнің шығыс бөлігіндегі қонақ үйге орналастырғанын айтады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстанның туризм индустриясы комитеті қазақстандық туристер мен туристік агенттіктерге Израиль мен Палестин аймағында қарулы қақтығыс жүріп жатқанын ескертіп, ұрыс болып жатқан жерлерге барудан сақтану туралы ескерткен еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары