$ 498.34  519.72  4.85

Білім министрлігі Шаяхметов ісінен 1 млрд. теңге өндіріп алмақшы

ҚР Білім және ғылым министрлігі бұрынғы вице-министр Саят Шаяхметовтің ісіне қатысты тұлғалардан 1 млрд. теңгеден астам қаражат өндіруді талап етеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

― Көрсетілген сома ұсынылған тұлғалардан алынсын. 1 млрд 153 млн 779 мың 42 теңге сомасына талап арыз берілген, ― деп мәлімдеді ҚР БҒМ өкілі Ілияс Рамазанов.

Бұл соманы өтеу сотталушылардың бәріне, атап айтқанда, Саят Шаяхметовке, «ҚР салынып жатқан білім және ғылым нысандары» ЖШС бас директоры Александр Пакқа, «ЗАК Сервис» ЖШС экс-бас директоры Роман Киреевке және Алексей Тутубалинге белгіленді.

Еске сала кетсек, 2013 жылдың 29 сәуірінде қаржы полициясы Өскеменде 700 орындық білім мекемесін салу кезінде бюджеттің миллиардтан астам қаражатын иелену және талан-таражға салу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдік бойынша экс-министр Саят Шаяхметов пен «ҚР салынып жатқан білім және ғылым нысандары» ЖШС бас директоры Александр Пак ұсталды. Сол жылдың 17 мамырында Шаяхметов үй қамауына алынып, Пак тергеу изоляторына қамалған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары