$ 443.35  475.54  4.82

Зейнетақы жинағының бір бөлігін алуға рұқсат берілді

Бұл заңды елдің Парламенті мақұлдады.
фото: inbusiness.kz/kz
фото: inbusiness.kz/kz

Чили президенті азаматтарға зейнетақы жинағының бір бөлігінің алуға рұқсат беру туралы заңға қол қойды. Оның мұндай шешімге келуіне коронавирустың таралуынан болған экономикалық қиындық түрткі болып отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, РИА Новости-ға сілтеме жасап хабарлайды.

"Себастьян Пиньера жұма күні жеке шоттардан ақша алуға мүмкіндік беретін конституциялық түзетулерге қол қойды", - делінген Үкімет хабарламасында. 

Президенттің шешіміне сәйкес, азаматтар енді зейнетақы жинағындағы ақшаның 10 пайызына дейін ала алады. Бұл заңды елдің Парламенті мақұлдады. 

Бұл мүмкіндікті шамамен 11 миллионға жуық адам пайдалана алады. Бірақ, бұрын еш жерде жұмыс істемеген  және зейнетақы жүйесіне жарна аудармаған адамдар, ескі зейнетақы жүйесі бойынша зейнетке шыққандар,  оған қоса, қарулы күштер, полиция қызметкерлері үшін бұл мүмкіндік қолжетімсіз. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары