$ 494.87  520.65  4.91

Академик Кенжеғали Сағадиев қайтыс болды

Ол 82 жасында көз жұмды.
фото: abai.kz
фото: abai.kz

«25 шілдеде 82 жастағы академик Кенжеғали Әбенұлының жүрегі соғуын тоқтатқанын қайғыра хабарлаймыз. Өкінішке қарай, елді жайлаған індет біздің әулетті де айналып өтпеді. Оны білетіндерге оның аса ақылды, кеңпейіл, жақындарына қамқор болғаны мәлім. Ұлы адам ұлы ғұмыр кешті. Жерлеу рәсімі тек жақындарының қатысуымен болады. Қоштасу рәсіміне байланысты шаралар тура бір жылдан кейін 2021 жылдың 25 шілдесінде ұйымдастырылады. Бұл Кенжеғали Әбенұлының соңғы аманаты. Уақыт пен өтетін орын қосымша хабарланады», - делінген Сағадиевтер әулеті таратқан хабарламада.

Кенжеғали Сағадиев 1938 жылы 18 ақпанда Қостанай облысының Жангелдин ауданында дүниеге келген.

Ол аса көрнекті ғалым-экономист, профессор, Қазақстан Республикасына ғылым мен техника саласында еңбек сіңірген қайраткер болған тұлға. 445-тен аса ғылыми жұмыстың, оның ішінде 20 монография мен оқулықтың авторы.

Бірнеше жоғары оқу орнының ректоры, Ұлттық ғылым академиясының бас ғылыми хатшысы және президенті болып қызмет етті.

2012 жылдан 2014 жылға дейін Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттіктің директорлар кеңесінің төрағасы болған.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің үшінші (2004-2007 ж.) және төртінші (2007-2011 ж.) шақырылымында депутат болып сайланған, Парламент Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы болып (2004-2007 ж.) қызмет етті.

1977 жылы экономика ғылымының докторы, 1978 жылы профессор, 1994 жылы ҰҒА-ның академигі, 1996 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым мен техника қайраткері атақтарын алған.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары