$ 498.34  519.72  4.85

ОҚО-да жоғалып кеткен қыз бен әпкесін квадрокоптермен іздеп жатыр

Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданында жоғалып кеткен 7 жасар қыз бен оның 56 жастағы туыс әпкесін іздеушілердің қатары артты. Полицейлермен бірге жоғалғандарды ерікті азаматтар да іздеп жатыр. Алайда, олардан әлі ешқандай хабар жоқ.

Естеріңізге салайық, 56 жастағы әйел 17 сәуір күні кешкі сағат 18:30 шамасында туысының 7 жастағы қызын алып, нөсерлі жауынға қарамастан Дәубаба тауына серуендеуге шығып кеткен. Сол кеткеннен олар қайта оралмапты. Қазіргі таңда іздеу жұмыстары 6 бағыт бойынша жүруде, оған 250-ден астам адам жұмылдырылған. Сондай-ақ, иісшіл иттер мен әуеден бақылайтын квадрокоптерлер де жоғалғандарды іздеуде.

Әшіркүл Баймұратова, 1960 жылы туған. Шымкент қаласының тұрғыны. Бойы 165-170 см. Арық денелі, шашы қысқа қара түсті. Үстінде тоқылған қара жилет, жасыл жейде, қара шалбар және аяғында кроссовка болған.

Инабат Әңкәрбек Нұрқатанқызы, 2009 жылы туған. Түлкібас ауданының тұрғыны. Бойы 120 см. Арық денелі, шашы ұзын қара түсті. Үстінде қызыл куртка, қызыл жемпір, қара шалбар және ақ түсті спорттық аяқ киім болған.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары