$ 446.49  475.38  4.79

Жақсылық Үшкемпіров қайтыс болды

Батыр ағамыздың Мәскеу Олимпиадасындағы ерлігiне биыл 40 жыл болып еді...

Грек-рим күресiнен Мәскеу олимпиадасының чемпионы Жақсылық Үшкемпіров қайтыс болды. Бұл туралы Қазақстан күрес федерациясы хабарлады.

"Грек-рим күресiнен тұңғыш Олимпиада чемпионы, Әлем чемпионы, Қазақстанның еңбек ерi, "Барыс", "Құрмет" "Парасат" ордендерінің иегері Жақсылық Әмiрәлiұлы Үшкемпiров ағамыз бақилық болды.

Батыр ағамыздың Мәскеу Олимпиадасындағы ерлігiне биыл 40 жыл болып еді...

Марқұмның барлық туған- туыстарына, отбасына, жора-жолдастарына, барша Қазақстан күресiнiң жанкүйерлеріне қайғырып көңіл айтамыз!

Ағамыздың жаны жанатта болғай!!!" делінген федерацияның инстаграм парақшасында жарияланған ақпараттық хабарламада.

Skifnews.kz редакциясы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары