$ 494.87  520.65  4.91

Қолдан жасалған арақтан 27 адам көз жұмды

Пандемия кезінде антисептик ретінде ел аумағына кіргізіп, кейіннен 5 литрлік пластикалық құтыларға құйып сататындар пайда болыпты.
Фото:  intex-press.by
Фото: intex-press.by

Пандемия кезінде антисептикті сылтау етіп, этил спиртін тонналап жеткізіп жатқандар бар. Бірақ, олардың барлығы бірдей емдік мақсатта пайдаланылмайды екен. 5 литрлік пластик құтыға құйып, көпшілікке көлеңкелі кәсіппен сатып жатқан көрінеді. Құрамы белгісіз ащы судан бүгінде елімізде 27 адам көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы  Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Сапасы төмен болса да, ішімдіктің дәмін татып, масайғысы келетіндердің көпшілігі оның ең алдымен бағасына қызығуда. Ғаламторда 2000-3000 теңгеге саудаланып жатыр. Құтысы үлкен болғандықтан көпшілігі жора-жолдастарымен бірігіп алып, бөліседі екен.

"Бірінші рет ішкен жоқ, қай жақтан алды? достарынан алды. Жолдастарымен ішкен ғой. Қаза тапты он адам. Көптен бері сатылмайды. Сондай болып шыққан ғой. Сондай попалось", - деді Ақмола облысының тұрғыны Әсем.

Мамандардың айтуынша елімізде 27 адам дәл осындай күмәнді ащы судан дәм татып көз жұмған. Мәселен Ақмола облысында 18 адам уланып, 12-і мерт болды. Ал, Қостанайда "этонолдан уланған" деген диагнозбен 13 адам жансақтау бөліміне жеткізіліп, олардың 11-і бақиға аттаныпты. Сараптама жүргізген мамандар сапасы стандартқа сай келмейтіндігін жеткізді.

"Сараптама қорытындысы бойынша бұл органолептика көрсеткіштеріне сай емес. Түсі бұлдыр болды. Иісі де алкогольді ішімдіктің иісіне келмейді", - дейді Ақмола облысының бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина.

Негізінен ішімдіктерге қойылатын талап бар. Бірақ, астыртын жолмен келетіндерді қадағалау мүмкін болмай отыр. Мәселен пандемия кезінде антисептик ретінде ел аумағына кіргізіп, кейіннен 5 литрлік пластикалық құтыларға құйып сататындар пайда болыпты. Мамыр айында жедел алдын алу шаралары барысында Алматыда 30 литр этиль спиртін заңсыз жолмен өткізбек болғандар ұсталған. Ал, маусым айында 11 тонна спирт тәркіленді. Мамандар пластикалық бөтелкеге құйылған ащы су онымен реакцияға түсетінін айтады.

"Пластик құмыраға құйған кезде арақтың құрамындағы спирт пластикпен реакцияға түседі. Соның салдарынан сұйықтың ішінде қауіпті өнімдер пайда болады. Оның үстіне, ол мынандай күннің көзінде тұрып қалса немесе жылы жерде тұрса, ол реакция 10-20 есеге көбейеді. Оны ішкен адам 1-2 неден кейін уланып қалуы мүмкін. Даже өліп кетуі мүмкін", - дейді "Казалкотабақ" қауымдастығының президенті Әміржан Қалиев.

Негізінен алкогольді арнайы құятын құтыға байланысты бекітілген нормалар мен талаптар бар. Мәселен спирті 12 проценттен асатын өнімдерді пластикке немесе этикеткасыз ыдыста сақтауға тыйым салынған. Сондықтан, мұндай ішімдікті тұтынудан бас тартқан абзал дейді мамандар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары