Батыс Қазақстан облысында 13 шілде және 17 шілде күндері орман алқаптарында үлкен өрт жағдайлары орын алып, облыстық Төтенше жағдайлар департаменті қызу жұмыс істеді, - деп хабарлайды Sn.kz.
Атап айтқанда, 13 шілде күні БҚО Ақжайық ауданының Бударин ауылдық округінде Коловертное кентінен 10 шақырым жерде «Бударин орманшылығы» КММ аумағында алдын ала ауданы 16 га орман алқабының жануы орын алған. Аталған өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар депатаментінен, Апаттар медицинасы орталығынан, Бударин орманшылығынан, ерікті өрт сөндіру құрамаларынан жалпы 93 адам, 11 бірлік техника жұмылдырылған. Сонымен бірге, Атырау қаласынан су ағызу құрылғысы бар ТЖК «Қазавиақұтқару» АҚ МИ-884 тікұшағы тартылды. Тікұшақтың көмегі арқылы 14-15 шілдеде екі күн ішінде 39 рет су төгілді, судың жалпы көлемі – 195 тонна. Төтенше жағдайлар аймағын бойлай ұшу жүргізілді.
«Қазіргі таңда ауа райының өте ыстық болуына байланысты барлық өңірлерде өрттің болу қаупі күшейіп тұрғаны рас. Әсіресе орманды алқаптарға өте үлкен қауіп бар. мәселен, осы «Бударин орманшылығындағы» өрт екі облыстың Төтенше жағдайлар департаментінің күш біріктіруімен өшірілді. Мұндай тілсіз жаудың алыдн алу қиын. Өйткені ауа райына байланысты қай жер қай уақытта жанып кететінін алдын ала болжай алмаймыз. Дегенмен орман шаруашылығына көп зиянын тигізбей өрттті дер кезінде ауыздықтауға барымызды саламыз. Бұл еңбегіміздің бір көрінісі осы Ақжайық аудынанындағы өрт жағдайы», - дейді облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен.
Өртті толықтай жою бойынша Төтенше жағдайлар департаменті және орманшылық күштері жекелеген қалған ошақтарды жою жұмыстарын жүргізді. Қабылданған шаралардың арқасында өрт 14 шілдеде сағат 19.02-де оқшауланды.
Құрғақ, әрі ыстық ауа және ауа температурасының +41ºС болуы қолайсыздық тудырып, өртті сөндіруді қиындатты. Өрттің себебі найзағайдың құрғақ разряды болып табылады.
ТЖД дағдарыс орталығында өртті сөндіру және оның салдарын жою бойынша жедел штаб құрылып, тәулік бойы жұмыс істеді.
Бұдан өзге, БҚО Ақжайық ауданының Чапаев ауылдық округі «Чапаев орманшылығы» КММ және Көнеккеткен ауылдық округі «Есенсай орманшылығы» КММ аумақтарында құрғақ шөп пен орман алқабының жануын жою жұмыстары жүргізілді. Өрттер оқшауланды. Өрттерді жоюға ТЖД, орман шаруашылықтарының, ерікті өрт сөндіру құрамаларының күштері мен құралдары жұмылдырылды.
Ал 17 шілде күні Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Коловертное ауылынан 10 шақырым жерде орналасқан «Бударинское орманшылығы» КММ аумағындағы орман алқаптарында өрт жойылды. Бұл өрт 13 шілдеде түнде орын алды және 14 шілдеде кешке оқшауланды. Өрттің жалпы ауданы 435 га, оның ішінде 88 га орман алқабы және 347 га құрғақ шөп.
Атырау қаласынан өртті сөндіруге тартылған ТЖК «Қазавиақұтқару» АҚ МИ-884 тікұшағы 65 рет су төгілді, судың жалпы көлемі 195 тонна.
«Аталған өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар депатаментінен, Апаттар медицинасы орталығынан, Бударин орманшылығынан, ерікті өрт сөндіру құрамаларынан жалпы 93 адам, 11 бірлік техника жұмылдырылды. Сонымен бірге, Атырау қаласынан су ағызу құрылғысы бар ТЖК «Қазавиақұтқару» АҚ МИ-884 тікұшағы тартылды. Біз аталған өрт жайдайын дер кезінде ауыздықтауға күш жұмылдырдық», - дейді облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен.
Төтенше жағдайлар департаменті, жергілікті атқарушы органдар, ерікті өрт сөндіру құралымдары мен орман шаруашылығының үйлесімді және жедел іс-қимылдарының арқасында өрт ауыздықталып, жойылды. Өртті оқшаулағаннан кейін өрт периметрі бойынша жекелеген ошақтарды қарауылдау және су төгу жүргізілді. Қолайсыз ыстық ауа райы және желдің секундына 18 метрге дейін күшеюі өртті сөндіруді қиындатты.
42 градусқа дейін аномальді ыстық және екпіні секундына 15-20 метр күшті жел түріндегі күрделі метеорологиялық жағдайлар Батыс Қазақстан облысында қалыптасқан өрт жағдайының негізгі факторы болып табылады. Ағымдағы жылғы 13-16 шілде аралығында облыс аумағында ірі табиғи өрттер орын алды, олар 6 ауданды қамтыды, бұлар Ақжайық, Бөрлі, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Бәйтерек аудандары мен Орал қаласы.