$ 444.22  476.38  4.82

Алматыда 40-қа жуық әлеуметтік нысан халық игілігіне берілді

Жоба экологиялық қауіпсіз әрі энергия үнемдей отырып жұмыс істейді. Бастама шеңберінде өндірісті ұлғайту әрі қолда бар құрылғыларды барынша пайдалану көзделіп отыр.

Елорда күні қарсаңында Алматыда 40-қа жуық әлеуметтік нысан халық игілігіне пайдалануға берілді. Оның ішінде 179 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын-үй, медициналық орталық, 4 мектеп пен 2 балабақша бар, - деп хабарлайды Sn.kz.

Сонымен бірге, музыка мектебі мен бірнеше кәсіпорын қайта модернизациядан өтті. 

Мәселен, Алмалы ауданында орналасқан 24 жылдық тарихы бар сүт өнімдерін шығаратын «Солнечный» зауытының өндірістік қуаты тәулігіне 250 тонна өнім шығаруға қауқарлы. Компания елде төтенше жағдай кезінде де жұмысын тоқтатпады. Нәтижесінде қала тұрғындарын күнделікті сапалы сүт өнімдерімен қамтамассыз етіп келеді. Кәсіпорын құны 500 млн болатын жаңа құрылғылармен жабыдықталды.

«Биыл зауытымызға күрделі модернизациялау жұмыстары жүргізілді. Жаңадан қойылған құрылғылардың 70 пайызы инвесторлардың көмегімен жүзеге асып отыр. Бұл шығаратын өнім түрлерін кеңейтуге мүмкіндік бермек», – деді сүт зауытының бас технологы Людмила Геринг

Сондай-ақ, еліміздегі азық-түлік өнімдерін өндіретін ірі «МАСЛО-ДЕЛ» компаниясы бүгінгі күні мұнда сары және өсімдік майлары, өнеркәсіптік мақсаттағы майлар, маргариндер, томат пастасы және ұзақ сақталатын сүт секілді 100-ден астам өнім шығады. Алып кәсіпорынның өнімі тек Алматыға ғана емес еліміздің барлық өңіріне жіберіледі.

«Биыл компаниямыздың басты жаңалығы – май өндіру цехын іске қосады. Құны 4 жарым млн. теңгені құрайтын құрылғының өндірістік қуаты жылына 20 тонна өнім дайындай алады», – деді компания директоры Айдын Тастанбеков.

DoorHan компаниясының бастамасымен қолға алынған жоба аясында металл өңдеу, блок-контейнерлер, тұрмыстық, техникалық және өртке қарсы есіктерді шығаратын өндірістік-қойма салынады. Жоба экологиялық қауіпсіз әрі энергия үнемдей отырып жұмыс істейді. Бастама шеңберінде өндірісті ұлғайту әрі қолда бар құрылғыларды барынша пайдалану көзделіп отыр.

«Халықаралық DoorHan компаниясының бастамасы мен Алматы әкімдігі және индустриалды аймақ қолдауымен инвестициялық жоба қолға алынды. Енді қоршау конструкциялары мен инженериялық жүйелерін өндіру бойынша зауыт құрылысы басталады. Компания ассортименті өнімнің 200 түрін шығаруды жоспарлап отыр», – деді компания директоры Роман Радаев.

Бұл өз кезегінде Қазақстанда өндірілетін өнімдер бойынша импорт алмасудың деңгейін арттырмақ. Жоспар бойынша дүниежүзілік нарықта қақпа өндірісін екі есеге яғни 30 пайыздан 60 пайызға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары