Жаңалықтар 30.07.2020 сағат 12:24

Алматының Түрксіб ауданында жастар ресурстық орталығы ашылды

Олар жастарды үй және жұмысқа қатысты сұрақтарына жауап береді. Оған қоса, ресурстық орталықта түрлі бағыттағы семинарлар мен тренингтер өткізіледі.
Алматының Түрксіб ауданында жастар ресурстық орталығы ашылды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Алматыда тағы бір жастардың ресурстық орталығы ашылды. Жаңа нысан Түрксіб ауданындағы Осипенко көшесінде орналасқан, деп хабарлайды Sn.kz.

Коворкинг орталықта жастар кез келген қажетті ақпаратты ала алады. Сондай-ақ, онда психологтар, жұмыспен қамту орталығының және Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі өкілдері отырады. Олар жастарды үй және жұмысқа қатысты сұрақтарына жауап береді. Оған қоса, ресурстық орталықта түрлі бағыттағы семинарлар мен тренингтер өткізіледі. Мұндай нысан жуық арада қаланың үш ауданында ашылады.

«Шексіз қала» бағдарламасы аясында біз әр ауданда осындай орталықтар ашуды көздеп отырмыз. Бұл жастардың жиналатын, ортақ мақсат құратын, ойында жүрген жобаларды жүзеге асыратын мекенге айналады. Олар орталық арқылы мәселелерін шеше алады. Осы біздің басты мақсатымыз десем болады. Біз 5 жастардың ресурстық орталығын ашып үлгердік», – деді қалалық Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Ренат Бекбергенов.

«Бұл жастар ресурстық орталығының мақсаты жалпы 14 және 29 жас арасындағы жастарға көмек көрсету. Жұмысқа тұру, денсаулық, сабақ жағынан, яғни кез келген жағынан көмек ала алады. Бұл орталықтың форматы ковиркинг стилінде. Келіп бос уақытын өткізу, пайдаға асыру.  Сол жағыннан көмектесеміз», – деді жастар ресурстық орталығының мүшесі Аслан Шора.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар