$ 494.87  520.65  4.91

Қызылорда облысында жөнделген көпірден жүк көліктері өте алмайды (ФОТО)

«Қызылорда-Жалағаш-Самара-Шымкент» Р-33 автожолының 79+800 шақырымындағы көпір жөнделіп, жол қозғалысы толық қалпына келтірілді, деп хабарлайды Skifnews.kz «Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Еске сала кетсек, 15 маусымда республикалық маңызы бар «Қызылорда-Жалағаш» автожолының 79+800 шақырымындағы су тарту каналы арқылы өтетін көпірдің тіреуіштері төмен түсіп апаттық жағдай туындаған болатын. Осыған байланысты, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Қызылорда облыстық филиалы, Жалағаш ауданы әкімі аппаратының шұғыл іс-қимылдары нәтижесінде көпірге көлік қозғалысының шектеу шаралары қолданылып, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған еді.

«20 маусымнан бастап «Қазақавтожол» РМК Қызылорда облыстық филиалы тарапынан жөндеу жұмыстарына қажетті құрылыс-материалдары алынып, 24 маусымнан бастап көпірде бетондауға дайындық жұмыстары атқарылды (тазарту, фрезерование, асфальт қабатын алу). Ал 3 шілде күні көпірдің бір бөлігіне темір арматураларды тоқу, бетон құю жұмыстары аяқталды», делінген хабарламада.

10 шілде күні көпірдің бетондалған бөлігі бойынша көлік қозғалысы ауыстырылып, екінші бөлігіне бетондауға дайындық жұмыстарын жүргізу басталды. Көпірдің екінші бөлігіне 15 шілде күні бетон кұю жұмыстары атқарылды. Құйылған бетонды күтіп ұстау жұмыстары жүргізіліп, көпір бойынша көлік қозғалысы 22 шілде күні толық ашылды.

Дегенмен, әзірге көпір бойынша жүк көліктерінің өтуіне шектеу сақталады.

«Қазақавтожол» қызметкерлерінің айтуларынша, жөндеу жұмыстарының екінші бөлігін, яғни көпір тіреуіштерін нығайтуды канал бойынша су деңгейі төмендеген уақытта, яғни қыркүйек айында атқаруға мүмкіндік туындайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары