$ 494.87  520.65  4.91

Бүгін ― Қадір түні

Бүгінгі, яғни шілденің 23-інен 24-іне қараған түн барша мұсылмандар үшін қасиетті саналатын Қадір түні, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Қадір түні Рамазан айының ішіндегі, Құран кәрімде мадақталған ең қадірлі түн болып табылады. Бұл түн туралы Құран Кәрімнің «әл-Қадыр» сүресінде айтылған. Бес аяттан тұратын сүреде Құранның осы түнде түсіріле бастағандығы, оның мың айдан да қайырлы екендігі, бұл түнде Жәбірейіл періште және өзге де көптеген періштелер Алла әмірімен жер бетіне түсіп, адамдарға қызмет ететіндігі, таңға дейін тыныштық болатындығы айтылады.

Алайда, Қадір түнінің нақты қай түн екені белгісіз. Бұған қатысты ислам зерттеушілері тарапынан көптеген пікірлер бар. Солардың арасында Қадір түнінінің Рамазан айының соңғы күндерінде, әсіресе тақ күндері болуы мүмкіндігі жиі айтылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары