$ 446.49  475.38  4.79

Қытайда тағы бір қауіпті вирус тарала бастады

Вирус жұқтырғандардың бірі бұл аурудың белгісі ретінде жөтел, жоғары температураны, сондай-ақ, қандағы лейкоцидтер мен тромбоциттер деңгейінің төмендеуін айтқан.
Фото: newsroom.kz
Фото: newsroom.kz

Қытайда кене арқылы жұғатын SFTS вирусының таралып жатқаны анықталды, деп хабарлайды Bag.kz, Global Times-ке сілтеме жасап. 

Соңғы мәлімет бойынша, бұл індетпен 60 адам ауырып, жетеуі қайтыс болған. Алғашында бұл инфекция Цзянсу провинциясында тіркелген, кейін Аньхой провинциясының тұрғындары да жұқтырғаны белгілі болды.

Вирус жұқтырғандардың бірі бұл аурудың белгісі ретінде жөтел, жоғары температураны, сондай-ақ, қандағы лейкоцидтер мен тромбоциттер деңгейінің төмендеуін айтқан. 

SFTS вирусы алғаш 2011 жылы анықталған. Бұл инфекция кене арқылы адамға беріледі, вирус жұқтырған адамнан қан және сілекей арқылы өзге адамдарға жұғады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары