Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жекеменшік, шағын бұқаралық ақпарат құралдарын қолдауға дайын. Бұл жайында қоғамдық кеңестің кезекті қабылдауында ведомство басшысы мәлімдеді.
Айтуынша, жекекменшік және шағын БАҚ-тың қоғамда алатын орны ерекше, сондықтан министрлік оларға барынша қолдау көрсетуге әзір. Тіпті олар мемлекеттік тапсырыс бойынша телеөнімдер жасауға 2021 жылдың жоспарына өз ұсыныстарын білдіруге алады.
Кездесу барысында "Домбыра", "Туризм КЗ" және Turkway телеарналарының басшылары жеке тақырыпқа арналған арналар мен жекеменшік арналарды да дамыту және оларға мемлекеттік қолдау қажет екенін айтқан болатын.
Сонымен қатар ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының және облыстардыңқоғамдық кеңестерінің төрағаларымен кездесті. Жиналыс онлайн форматта өтті. Кездесу барысында қоғамдық кеңестерге қатысты әлеуметтік нормалар мен ережелерді бір жүйеге келтіру мәселелері көтерілді.
Қоғамдық кеңес төрағаларымен кездесу кезінде кеңестің қызметін арттыру және жетілдіру мақсатында, олардың қоғам өміріне белсенді атсалысуына байланысты ұсыныстар айтылды. Оның ішінде ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жуырда өңірлердегі қоғамдық кеңес атқарып жатқан бар шара және жобамен танысатынын, оларды әрі қарай талдау үшін мемлекеттік бағдарламалардың бірыңғай порталын іске қосу жоспары талқыланды.
Сонымен қатар Қазақстанда "Абай ТВ" және "Әл-Фараби" мемлекеттік телеарналары ашылды. Бұл жаңалықты ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева есеп беру кездесуінде хабарлаған болатын."Абай ТВ" телеарнасы 30 маусымда іске қосылды.
Телеарна "Қазақстан" ТРК-ның құрамына кіреді және отандық мәдениеттің бай мұрасына арналған жаңа арна болады. Екінші "Әл-Фараби" тележобасы "Хабар" агенттігі базасында оқу жылының басында басталады.
"Әл-Фараби" телеарнасы 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер аудиториясы болады. Ол жерде жаңа білім беру, ағартушылық телевизиялық платформаға айналады. Министр бұл арнаның пандемия кезінде өзекті болып отырғанын алға тартты.
Айта кетейік, ақпарат саласын дамытудың 2020-2022 жылдарға арналған ұлттық жоспары шеңберінде оның тиімділігі мен сапасын бағалауды енгізе отырып, республикалық және өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орналастырудың бірыңғай порталы құрылатын болады.
Министр мұның өте маңызды қадам екенін, әсіресе, қазіргі ақпарат ағынында азаматтардың сенімді дереккөздің өзінен нақты ақпарат алуға мүмкіндік беретінін айтты.
Сондай-ақ, отандық БАҚ-тың баспа түрін қолдау, цифрлық радио хабарларын тарату мен интернет-теледидарды дамыту, тауашалық телеарналар құру, ақпарат саласындағы мемлекеттік ұйымдарды оңтайландыру жөніндегі шаралар кешені іске асырылатын болады.
Ең алдымен, БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, адами капиталды дамыту, ақпарат саласын құқықтық реттеуді жетілдіру мәселесі қойылды. Енді отандық бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру аясында отандық бұқаралық ақпарат құралдарын мемлекеттік деңгейде қолдау тәсілдері қайта қаралатын болады.
Министрдің айтуынша, адами капиталды дамыту бағыты бойынша тәлімгерлік институтты дамыту, оқыту курстарын ұйымдастыру, бұқаралық ақпарат құралдарының жас қызметкерлері үшін шәкіртақы бағдарламалары іске қосылады. Сол арқылы білім беру бағдарламаларын жетілдіріп, кәсіби даму арқылы бұқаралық ақпарат құралдары саласының кадрларын даярлау мәселесі қайта қаралады.
Ал ақпарат саласын құқықтық реттеу жөніндегі бағыт бойыншабұқаралық ақпарат құралдары саласын жетілдіру мәселесі қарастырылады. Сонымен қатар саланың жаңа субъектілерінің құқықтық мәртебесін айқындауға, жарнама бойынша БАҚ үшін мүмкіндіктерді кеңейтуге байланысты шаралар іске асырылады. Сондай-ақ, телерадио хабарларын тарату саласындағы рәсімдерді жетілдіруге бағытталған заңнамалық шаралар жүзеге асырылады.
Министрдің айтуынша, ақпарат саласын дамытудың 2020-2022 жылдарға арналған ұлттық жоспарын іске асыру отандық бұқаралық ақпарат құралдарының экономика жағынан дербес болуын және қоғам тарапынан тұтынушылар сұранысын арттыруға көмектеседі.
Ақпарат және қоғамдық даму министрі ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысында бірыңғай интернет ресурстарының платформасына қатысты наразылығын білдірді. Сондай-ақ, министр ресурстардың жүйелік жаңаруына баса назар аударды.
Балаева ақпараттың жүйелі жаңарып тұру керек екенін, кей ресурстың айлар бойы жаңартаймынын айтып өтті. Өз сөзінде халыққа дер кезінде ақпарат таратылу керек екені, ескірген ақпараттың қажеттілігі жоқ екеніне көңіл бөлінді.