29.07.2020, 13:40

Жастар саясаты басқармасының белсенділері карантин шараларын сақталуына үлес қосты

Фото: ашық дерек көзі
Олар 2019 жылы  - "Жастар жылы" қарсаңында да, 2020 жылы "еріктілер жылы" қарсаңында да қоғамның өзекті мәселелеріне, қоғамның актуальды проблемаларына бей-жай қарамай еңбек етіп келеді.

Қазақстанның 14 жастан 29 жасқа дейінгі азаматтары жастар санатына кіреді және оларға арнап 2015 жылы "Мемлекеттік жастар саясаты туралы ереже" бекітілген болатын. Содан бері республиканың маңызы бар қалалары мен облыстарының барлығында Жастар саясаты басқармасы құрылып жұмыс істеп келеді.

Олар 2019 жылы  - "Жастар жылы" қарсаңында да, 2020 жылы "еріктілер жылы" қарсаңында да қоғамның өзекті мәселелеріне, қоғамның актуальды проблемаларына бей-жай қарамай еңбек етіп келеді.

2019 жыл ҚР тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған "Жастар жылы" өтті. Осы жылы ел бойынша 2 миллионнан астам жас 300-ден астам республикалық іс-шараға қатысты. Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастарға, оның ішінде жас отбасыларға 3 мың жалға берілетін пәтер берілді. 

Жастар да өз кезегінде Қазақстанда коронавирус инфекциясы тарай бастаған уақыттан бастап республика аймақтарында облыс, қала жастарының көшбасшылары бас көтеріп, халыққа көмек көрсетіп келеді.

Мысалы, Қызылорда облысындағы жастардың көшбасшылары төтенше жағдай кезінде көпшілікті жақсылық жасап, қоғамға пайдасын тигізуге шақырды. 

Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қуаныш Жанұзақов бастаған бір топ ерікті халыққа коронавирустың таралуына жол бермеу және алдын алуға байланысты арнайы әзірленген жадынамаларды, үнпарақтарды халық көп шоғырланатын орындарға жабыстырған болатын.

Сондай-ақ, инфекцияның таралу қауіпі жоғары болған кезде ойын-сауықты, жиын-тойды тоқтату туралы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Жастардың бастамасымен кәсіпкерлер жеке қорағыс құралдары мен бетперде шығаруды қолға алды. Соның арқасында облыс аудандарында жас кәсіпкерлер шеберханасында маска тігіп, мүмкіндігі шектеулі жандарға, тұрмысы төмен отбасыларға, ардагерлерге таратты.

Сонымен қатар облыстағы жастар саясаты басқармасының басшысы шетелен келген қызылордалықтардың он төрт күн бойы карантин талаптарын сақтауын бақылауына алды.

Пайдалы іске Жамбыл облысының еріктілер штабы да атсалысты. "Әулиеата жастары" волонтерлік штабы төтенше жағдай кезіндегіжұмыстарын бастап, ерікті жастар 4500 бетперде мен қолғап таратты.

Аймақтағы ерікті жастар инфекцияның өршіп кетпеуі үшін қоғамдық орындардың тазалығына жауапты қоғамдық қызметкерлер мен көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға маска мен қолғап үлестіріп берді. 

Облыстағы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Серікбол Берікқожа бұған дейін әр ұйым өз бетінше көпбалалы отбасылар мен қарттарға, түрлі тұрмысы төмен азаматтарға көмек көрсетілгенін, соың барлығы бір жерге жиналып, арнайы штаб құрылғанын айтты.

Штаб құрамындағы 100 ерікті 5 бағыт бойынша жұмыс істеді.Олар үш мыңға жуық отбасыға азық-түлік жеткізіп көмек көрсетті. Тіпті жастар саясатының белсенділері карантин кезінде "Қазпошта" қызметкерлерімен бірлесіп, зейнеткерлерге үйлеріне зейнетақысын апарып беруді ұйымдастырды.

Сондай-ақ, жастар саясаты жанынан құрылған волонтерлер штабы қоғамдық тәртіпті, азық-түлік және дәрі-дәрмектердің бағасына бақылау жүргізуге бағытталған "Қоғамдық сақшы" жобасын қолға алды. Волонтерлік қызмет үшін қолайлы ортаны дамыту мақсатында фронт-кеңсе ашу жұмысы да қолға алынған. 

Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Серікбол Берікқожа еріктілердің 30 мың үнқағаздар, бүктемелер мен медициналық маскалар таратып, 15 рейд ұйымдастырғанын айтты. Сонымен қатар COVID-19 пандемиясына байланысты төтенше жағдай режимі жарияланғаннан қала мен аудан тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар Жамбыл облысында жастар саясаты мәселелері басқармасы "Қоғамдық сақшы" жобасын жыл басынан бері жүзеге асырып келеді. Жобаға "Жібек жолы", "Ақ сұңқар", "Темірқазық" волонтерлік қозғалыстары мен өңірдегі "Jas Otan"жастар қанаты, "Қазақстан студенттер Альянсы" және "Жас сарбаз" әскери-патриоттық жастар ұйымының еріктілері тартылған. Карантин кезінде еріктілер қала мен аудан көшелеріне бақылау жүргізіп, тұрғындардың көп болып шоғырлануына жол бермеу үшін жұмыс істеді.

Сонымен қатар Атырау жастар саясаты басқармасының белсенділері өңірдегі "ECO-challenge" акциясына қатысты. Экологиялық акция еліміз бойынша бір күнде, бір уақытта республикалық жастардың қатысуымен өтті. Жастар саясаты мәселелері басқармасының бұл бастамасына өңірдегі қоғамдық бірлестіктер мен Жасыл ел жасағы да қолдады. Акцияның басты мақсаты – облыс тұрғындарының экологиялық мәдениетін арттыру, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру. 

Айта кетейік, Нұр Сұлтан қаласында өткен Жастар саясаты басқармасының басшысы Дәулет Кәрібек "Нұрсұлтан Назарбаев. Жауапты көшбасшылық: сабақтастық және эволюция" атты халықаралық конференциясында бұл жобаның Елбасы саясатының маңызды бөлігі екенін айтқан болатын.

Қазір елімізде мемлекеттік жастар саясатының институционалды негіздері қаланып, жастар үшін барлық жағдай  жасалып жатқанын айтып өтті Жастар саясаты басқармасының басшысы. 

Айта кетейік, Елбасы бастамасымен 2008 жылдан бастап президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес қызмет етіп келеді.