$ 443.44  480.51  4.88

«Даму» қорының 60 млн теңгесін қолды қылған бұрынғы басшысы Ресейде ұсталды

«Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының (бүгінде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ) бұрынғы басшысы Бауыржан Молдиновты ресейлік құқыққорғаушылар ұстап берді деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі. Күдікті елімізде алаяқтықтың 6 дерегі бойынша айыпталып отыр.

«Молдинов өзге әріптестерімен бірігіп, 2006-2007 жылдар аралығында жалған жолмен Қордан 60 млн-ға жуық (59 330 000 тг.) ақшалай қаражатты ұрлаған. 2010-2011 жылдары осы іс бойынша оның барлық сыбайластары алаяқтық үшін сотталған, ал Бауыржан Молдинов тергеуден жасырынып қалған» делінген прокуратура таратқан хабарламада.

Компанияның экс-басшысы алты жыл бойы мемлекеттен тыс аймақта болған, нақтырақ айтқанда, ол Башқұртстандағы таныстарында жасырынып, кездейсоқ табыс көзімен күн көріп жүрген.  

Қазақстан мен Ресей мемлекеттерінің құқық қорғау органдарының өзара ынтымақтастығының арқасында Молдинов Уфа қаласында ұсталды.

ҚР Бас прокуратурасы ІІМ-нің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне күдіктіні Ресей Федерациясының құзырлы органдарынан қабылдап алуға тапсырма берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары