$ 474.72  515.17  5.58

Семейде ірі жол апатынан 5 адам қайтыс болды

Семейде орын алған ірі жол көлік оқиғасынан бес бірдей адам қайтыс болды деп жазады Tengrinews.kz. Оқиға кеше кешкі сағат 22:00 шамасында орын алған.

Гагарин мен Шугаев көшелерінің қиылысатын аумағында Renault маркалы автокөліктің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жол жиегінде өсіп тұрған ағашқа барып соқтығысқан. Түнгі сағат 00:27-де құтқарушылар сайда жатқан көлікті жолға әзер алып шықты. 

Алдын ала болжам бойынша, көлікте бес жолаушы болған. Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары бес адамның барлығының да қайтыс болғанын айтып отыр. Мыжылып қалған көлік ішінен мәйіттерді алып шығу біраз қиындық тудырды дейді олар. Сондай-ақ, тағы бір адам жедел жәрдем көлігімен жансақтау бөліміне жеткізіліпті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары