Жаңалықтар 11.08.2020 сағат 13:00

Қазақстанда вирусты жойып жіберетін маска шығарыла бастады

Осы мақсатта өндірушілер 140 млн теңге инвестиция тартқан.
Қазақстанда вирусты жойып жіберетін маска шығарыла бастады
Фото: metronews.ru
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Елімізде ультрадыбыстық маска шығарыла бастады деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Израиль технологиясымен жасалатын ерекше бетперде вирус пен бактериядан қорғап қана қоймай, оларды жойып жібереді. Оны ойлап тапқан ғалымдардың мәлімдеуінше, масканы бір жыл бойы қолдануға болады.

Өндіріс қарқын алғаннан кейін бетпердені ТМД елдері мен Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттеріне экспортқа шығару жоспары бар. Осы мақсатта өндірушілер 140 млн теңге инвестиция тартқан. Жоғары технологиялық масканың нақты бағасы әлі бекітілген жоқ.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар