Жаңалықтар 13.08.2020 сағат 10:00

Әлемдегі ең бай адам қайтыс болды

Айта кетейік, Самнер Редстоунның байлығы 3,9 миллиард долларға бағаланып отыр.
Әлемдегі ең бай адам қайтыс болды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Лос-Анджелесте әлемдегі ең кәрі миллиардер, америкалық медиамагнат, ViacomCBS медиакорпорациясының құрметті төрағасы, 98 жастағы Самнер Редстоун өмірден озды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РЕН ТВ телеарнасына сілтеме жасап.

ViacomCBS компаниясының басшысы Боб Бекиштің айтуынша, Редстоун жалғыз өзі отбасылық автокинотеатр бизнесін жоғары деңгейге көтеріп, медиакорпорацияға айналдырған.

1936 жылы Самнер Редстоунның әкесі, миллиардер Майкл Редстоун National Amusements компаниясының негізін қалаған. Кейін компанияны кіші Редстоун басқарды. 2012 жылы ол Viacom компаниясын сатып алу бизнестегі ең жоғары жетістігі деп санады.

Сондай-ақ, ол Самнер Редстоунның басшылығымен Viacom MTV медиакомпаниясына, Paramount Pictures киностудиясына иелік етті. ViacomCBS компаниясының құрамына MTV, Nickelodeon, Comedy Central, Showtime және тағы басқа телеарналар кіреді. ViacomCBS АҚШ-тағы аудиториясы ең көп компания болып саналады.

Айта кетейік, Самнер Редстоунның байлығы 3,9 миллиард долларға бағаланып отыр. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар