Алматы облысының бас санитарлық дәрігеріне қатысты қызметтік тексеру жүргізіледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы ҚР ДСМ ресми өкілі Бағдат Қожахметов Facebook парақшасында жазды.
"Бүгін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Талдықорған базарының кәсіпкерлерімен кездесу кезінде Алматы облысының бас санитар дәрігері Ерғали Сыдыманов қала тұрғындарына өте дөрекі сөйлеп жатқаны туралы видеоны көрді. Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы азаматтардың ашулануы орынды және мемлекеттік қызметкер мұндай мінез көрсетпеуі керек деп санайды", - деді ресми өкіл.