Ресейдің «Байқоңырға» балама ретінде салған «Восточный» ғарыш айлағы бүгін іске қосылып, алғаш рет ғарышқа зымыран ұшырды. «Михайло Ломоносов», «Аист-2Д» және SamSat-218Д спутниктерін «Союз-2.1а» зымыран тасығышы Астана уақытымен сағат 08:01-де әуеге көтерілді.
Жер серіктері зымыранның негізгі бөлігінен үш сағаттың ішінде ажырап бітеді. Ал, негізгі миссиясы аяқталған зымыранның бір бөлігі Амур облысына, екінші бөлігі Якутия жеріне құлайды деп күтілуде. Соңғы үшінші бөлігі болса мұхиттың кемелер жүзбейтін бөлігіне түседі.
Айта кетейік, «Восточный» ғарыш айлағындағы зымыран ұшыру кеше жүзеге асуы тиіс болатын. Алайда, 1,5 минут қалған сәтте техникалық ақау шығып, ұшыру 1 тәулікке кейін қалдырылған. Алайда, ел президенді Владимир Ресей президенті Владимир Путин «Восточный» ғарыш айлағындағы бірінші ұшырылымды кейінге қалдырудың себебі зымыран-тасығыштағы кінәраттан емес, ғарыш айлағының өзінде проблема бар дейді. Путин бұдан нәтиже шығаруын бұйырды.
Восточный ғарыш айлағының құрылысына 400 миллиард рубль бөлінген. Мұны Ресейдегі соңғы жылдардағы ең коррупциялық жоба деп атайды. Оның құрылысы 2012 жылы басталған, 2015 жылы аяқталуы тиіс болған. Бірақ жемқорлық кедергі келтірген. Бас прокуратураның мәлімдеуінше, құрылыс кезінде 7,5 млрд рубль ұрланған.