$ 499.51  525.83  4.62

Биыл Facebook табысы 3 есеге дейін артты

2016 жылдың бірінші тоқсанында Facebook компаниясы өз табысын 195%-ға ұлғайтты. Бұл туралы әлеуметтік желі мамандарының әзірлеген есебінде көрсетілген деп жазады BBC News.

Ағымдағы жылдың алғашқы үш айында компанияның таза табысы 1,5 млрд долларға дейін жеткен. Былтырғы жылдың бірінші тоқсанында бұл көрсеткіш 512 миллион долларды құраған болатын.

Табыстың бұлайша күрт өсуін компаниядағылар жарнама берушілердің тапсырысымен байланыстырып отыр. Яғни, Facebook биыл 5,4 млрд долларға жарнамалық қызмет көрсеткен. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 52 пайызға төмен еді.

Сонымен қатар, Facebook әлеуметтік желісін пайдаланушыларының да қатары айтарлықтай өсіп отыр. Былтырғы жылмен салыстырғанда желі қолданушылары 15 пайызға артқан. Қазір бүкіл әлемде 1,65 млрд адам осы әлеуметтік желіге тіркелген.

Компания мамандары әзірлеген осы есеп жарияланысымен Facebook акциялары бірден 9%-ға артты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары