$ 494.87  520.65  4.91

17 тамыздан бастап той жасауға рұқсат беріле ме?

Эпидемиологиялық жағдайды одан әрі тұрақтандыру мақсатында демалыс күндері шектеу шаралары сақталады.
Фото: karasayinfo.kz
Фото: karasayinfo.kz

Үкімет басшысы Асқар Маминнің төрағалығымен өткен мемлекеттік комиссия отырысында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспары қаралды. Алайда, бірқатар нысандардың жұмысына әді де тыйымдар сақталмақ. Олардың қатарында банкет жасауға арналған ғимараттар да бар деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Мемлекеттік комиссия шешімімен ойын-сауық, спорттық, отбасылық, естелік, салтанатты және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге (үйде де ұйымдастыруға болмайды) тыйым салынады.

Сонымен қатар, барлардың, түнгі және ойын клубтарының, караоке, фудкорттардың, кинотеатрлардың және балалар мен ересектерге арналған басқа да ойын-сауық орындарының жұмысына; мәдениет нысандарының, музейлердің қызметіне, конференциялар, көрмелер, форумдар өткізуге; бассейндер, қалалық және қоғамдық жағажайлар, ашық аквапарктердің жұмысына; діни нысандардың жұмысына; қала маңындағы жолаушылар пойыздарының/электричкалардың қозғалысына, жұмыс пойыздарын, қалааралық автобустарды/микроавтобустарды қоспағанда, ортақ вагондарды құруға рұқсат етілмейді.

Эпидемиологиялық жағдайды одан әрі тұрақтандыру мақсатында демалыс күндері шектеу шаралары сақталады.

«Маска режимі мен әлеуметтік қашықтықты сақтау ‒ барлық адамдар үшін сақталуы тиіс міндетті санитарлық талаптар және бұл азаматтардың күнделікті өміріндегі ережелерге айналуы қажет. Бизнес субъектілерінің қызметін олар толық дайын болған жағдайда ғана қайта бастау қажет», — деді Үкімет басшысы.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары