Air Astana әуе компаниясының Нұр-Сұлтаннан Франкфуртқа тікелей рейстері 2020 жылдың 18 тамызынан бастап аптасына 4 рет, ал қыркүйектен бастап күн сайын жаңартылады. Бұл туралы Azattyq Rýhy тілшісі әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
«Рейстер ыңғайлы A321LR әуе лайнерінде орындалады және ұшу ұзақтығы Франкфуртқа 6 сағат 20 минутты, кері бағытта 5 сағат 45 минутты құрайды. Рейстер кестесі Франкфуртқа таңертең Еуропа мен Солтүстік Америкаға ұшатын серіктес авиакомпаниялармен максималды қосылу үшін жаңартылды», - делінген компания хабарламасында.
Эконом-сыныптың базалық тарифі барлық төлемдерді қоса алғанда, екі жаққа 215 191 теңгеден басталады. Бұрын тоқтатылған рейстердің жолаушылары айыппұлсыз қайта броньдалуы мүмкін.
«Қазақстаннан келген жолаушылар COVID-19 тестін жөнелту пунктінде келгенге дейін 48 сағат ішінде немесе Германияға кіргеннен кейін 72 сағат ішінде өтуі керек. Ұшып келу бойынша тестілеу ақысыз және Франкфурт әуежайындағы екі сынақ орталығында да қолжетімді, ол 1-Терминал мен алыс пойыз станциясын қосатын жаяу жүргіншілер көпірінде орналасқан. Ереже транзиттік аймақтан кетпейтін транзиттік жолаушыларға қолданылмайды», - делінген компания хабарламасында.
Сонымен қатар, 17 тамыздан бастап Air Astana Алматыдан Дубайға және Атыраудан Амстердамға, ал 19 тамызда Алматыдан Киевке тұрақты рейстерді қайта бастайды.