$ 499.51  525.83  4.62

Мектептегі жемқорлықты әшкерелеген мұғалім қысым көріп жатқанын айтты

Алматы облысы Іле ауданындағы №17 мектепте мұғалім болып жұмыс істейтін Айнұр Күленбаева былтырдан бері басшылары мен өзге әріптестерінен қысым көріп, қуғындалып жатқанын айтады. Бұған оның жемқорлықты әшкерелеген әрекеті себеп болған көрінеді деп жазады 31.kz.

Педагогтың айтуынша, осы оқу маусымының басында сол кездегі мектеп директоры аттестациялық комиссия келеді деп мұғалімдерден 27 мың теңгеден ақша жинатқан екен. Мұғалімдер үшін бұл әрине, үлкен ақша. "Сондықтан алтыны барлар алтынын өткізді, біреулері несие алды. Ал, менің ақшам балаларымның тамағынан артылмайды. Бермегендіктен көп ұзамай ата-аналар тарапынан арыз ұйымдастырылды" дейді ашынған педагог.

Басшылықтан қымы тоқтамаған соң А.Күленбаева құзырлы органдарға шағымданып, бұрынғы директорының үстінен қылмыстық іс қозғалады. Талапкердің кешірім беруімен, оған бір миллион теңге айыппұл салынған. Алайда осы оқиғадан соң ата-аналар мен мектеп ұжымын өзіне қарсы қоятын топ пайда болды дейді. Облыстық білім саласындағы бақылау департаментіне ішінде санитар қызметкерлері бар, жиыны 90 адам қол қойған, мұғалімді қызметтен шеттету туралы мәлімдеме түскен. 

Ал, мектепке жаңа тағайындалған директор болса ешқандай мұғалімнің арызданбағанын айтып отыр. Бірақ, сырттан келетін тексерістер көбейіпті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары