$ 499.51  525.83  4.62

ШҚО-да әйел үш баласын өлтіріп, артынша өзіне қол салған

Шығыс Қазақстан облысында 35 жастағы әйел мен оның үш баласының мәйіті табылды. Балалардың үлкені онда, ішісі небәрі екі жаста. Барлығы да асылып қалған деп жазады Tengrinews.kz.

Марқұмдардың денелерін көршілері тауып алып, полицияға хабар беріпті. Тексеру барысында белгілі болғандай, олардың ешбірінің денесінде зорлық-зомбылықтың белгілері жоқ. Барлығы да тұншығып қайтыс болған.

"ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы "Кісі өлтіру" дерегі бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Негізгі болжам: әйел алдымен үш баласын асып өлтіріп, кейін өзіне де қол салған" дейді ШҚО ІІД-нің баспасөз хатшысы Бақытжан Торғаев.

Әзірге әйелдің неліктен мұндай жауыздыққа барғаны белгісіз. Тіпті, оның күйеуде болған-болмағанын да полицейлер білмейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары