Ордабасы ауданының 30 жастағы тұрғыны 22 сәуір күні үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Туыстарының айтуынша, ол I топтағы мүгедек болған. Іздеу жұмыстарына ОҚО ТЖД-ның ондаған құтқарушысы мен 3 техника және 2 қайық жұмылдырылды.
Мамандар жоғалған жігіттің суға ағып кеткенін білген. Алайда, араға бірнеше күн салғаннан кейін туыстары оның тірі болуы мүкін екенін айтып, судан іздеуді тоқтатуын сұрапты. Бірақ, іздеу жұмыстарын тоқтатпаған құтқарушылар марқұмның мәйітін өзі тұратын емес, өзге ауылдағы канал жағасынан тапты.
Марқұмды таныған туыстары қазір оны жерлеудің амалдарын жасап жатыр. Ал, тәртіп сақшылары болса өлімге суицидтің қатысы болуы мүмкін екенін де жасырмайды.