$ 499.51  525.83  4.62

«Эссенциале» бос капсуладағы дәрілік заты туралы ақпарат шындыққа жанаспайды – ҚР ДСӘДМ (ВИДЕО)

Германиядағы Sanofi компаниясында жасалатын Эссенциале Форте Н препаратының бос капсулада өткізілуі туралы әлеуметтік желілер, мессенджерлер арқылы таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Капсулада ұнтақталған зат бар деп ойлайтын тұтынушылар қателеседі. Нұсқауда көрсетілген препараттың сипаттамасына сәйкес, капсулада паста тәріздес қоспа болады. Дәрілік затты көру үшін капсуланы ашып, оның сыртқы қаптамасын сығу керек» делінген аталған хабарламада.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, аталған дәрілік зат Қазақстанда тіркеліп, медициналық қолдануға рұқсат берілген.

Орталық Азия және Кавказ аймағындағы Sanofi компаниясының қауіпсіздік жөніндегі директоры Денис Астанинның айтуынша, Қазақстанда аталған препараттың жалған түрін қолданудың бірде бір жағдайы тіркелмеген. 

«Әлеуметтік желілердегі шындыққа жанаспайтын бейнежазбалардың пайда болу себебі – халықтың дәрілік заттарды дұрыс қолдану жөнінде хабардарлығының аз болуы. Егер де тұтынушылардың препаратқа деген күдігі, наразылығы болған жағдайда, олар өндірушіге хабарласа алады. Оның байланыс құралдары нұсқаулықта көрсетілуі тиіс. Сонымен бірге,  Sanofi компаниясының Қазақстандағы өкілдігінде дәрінің сапасы, кері әсер ету жолдары, дәрінің жалғандығы бойынша кез келген сұрақтар бойынша кеңес беретін жедел телефон желісі жұмыс істейді. Оның нөмірі +7(727) 244 50 96», - деді ол. 

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму мниистрлігі кез келген препаратты қолданар алдында нұсқаулықпен танысуды, дәрілік заттың оның сипаттамасымен сәйкес екендігіне көз жеткізуге кеңес береді. Дәрілік зат туралы, оның кері әсері, қолдану тәсілі, қарсы көрсетілімдері туралы барлық ақпарат көрсетілген нұсқаулықты оны қолдану кезіндегі 1 айдың көлемінде сақтаған жөн. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары