Жаңалықтар 18.08.2020 сағат 16:00

Айсұлтанды атасы Мұхтар Әлиевтің қасына жерлеуі мүмкін

Су таситын көлікпен жолды жуып, көлденең тұрған көліктерді қуып жатыр. Сол маңда әкімшілік қызметкерлері де жүр.
Айсұлтанды атасы Мұхтар Әлиевтің қасына жерлеуі мүмкін
фото: kznews.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Айсұлтанды қайда жерлеуі мүмкін? Лондонға ма? Әлде денесін Венаға – әкесі Рахат Әлиевтің жанына апара ма? Бәлкім, Алматыға әкеліп, атасы Мұхтар Әлиевтің жанына қояр? «Айсұлтанды қайда жерлеуі мүмкін?» деген сұраққа жауап табу үшін Nege.kz тілшісі кеше Кеңсайға барып, журналистік зерттеу жүргізіп көрді.

Онда Кеңсай-2 зиратының Мұхтар Әлиев, Қажымхан Мәсімов, Батырхан Шүкенов сияқты белгілі азаматтар жерленген оңтүстік жағы ерекше қарбалас болған. Су таситын көлікпен жолды жуып, көлденең тұрған көліктерді қуып жатыр. Сол маңда әкімшілік қызметкерлері де жүр.

Зират қызметкері көлігімізді жолдан алып тастауды ескертті. Осыны пайдаланып, біз одан суыртпақтап сыр тартып көрдік.

– Айсұлтанды атасының қасына жерлей ме?

– Әзірге белгісіз. Бірақ бізге зират әкімшілігі дайындалу туралы тапсырма берді.

– Қай жер қазылуы мүмкін? Мұхтар Әлиев жатқан қоршаудың іші ме, әлде осы маңдағы басқа жер ме?

– Ол жағын білмеймін. Бірақ дайындық жүріп жатыр...

Мұхтар Әлиевтің зиратының басына қойылған ескерткіш мүсіні оңтүстік-шығысқа қарап тұр екен, қоршауы да тар емес. Егер Айсұлтанның денесін Алматыға әкелген болса, атасының жанына жерлеуі әбден мүмкін. 

Тілшінің байқауынша, Кеңсай-2 зиратында адам қарасы көп болған. Зират жұмысшылары тазалықпен әуре болса, әкімшілік көліктерімен келген екі-үш адам өзара әңгімелесіп, әлденені қызу талқылап тұрған. Әдетте Кеңсайда жай күні мұнша қарбалас болмайтын. 

Тағы оқи отырыңыз: «Көп нәрсе айтылмай қалды»: Нұрәлі Әлиев Айсұлтанға арнап ВИДЕО жариялады

Биыл өмірі үшін қауіптенген Айсұлтанның өлімінде «күмәнді нәрсе» неге көп? (ВИДЕО)

Айсұлтан Рахат Тоқаевқа «қара сиқыр жасалған» деп мәлімдеді

Айсұлтанның денесін кеше Лондоннан Алматыға әкелгені туралы ақпарат шықты. Оны қайда жерлейтіні әзірге белгісіз. Бір анығы, Кеңсай-2 зиратында дайындық қызу жүріп жатыр.

Ал бүгін Кеңсай-2 зираты «тазалық жұмыстарын жүргізу үшін» екі күнге жабылғаны белгілі болды.

Естеріңізге сала кетейік, Дариға Назарбаеваның ұлы Айсұлтан Рахат мұнан  екі күн бұрын Лондонда қайтыс болды
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар