Әділет министрлігінің өкілдері бизнес-омбудсмен Рустам Жүрсіновтің маска тақпағандарға айыппұл сомасы 2700 теңгеге дейін азаюы мүмкін деген мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабында көзделген маска кию режимін бұзғаны үшін қолданыстағы айыппұл санкциялары өз күшінде, мемлекеттік органдар оның мөлшерін азайтуды талқылап жатқан жоқ", - деді министрлік өкілдері.
Еске салайық, мұның алдында Қазақстанда маска режимін сақтамағаны үшін айыппұл 83 340 теңгеден 2 778 теңгеге дейін азаюы мүмкін екені хабарланған еді.