$ 443.35  475.54  4.82

Тараздық жігіт аяғына оқ тигеніне қарамастан қарақшыларды ұстауға атсалысты

Оқиға 1 мамыр күні түскі екілер шамасында орын алған. Күдікті екі азамат ірі көлемде ақша алып бара жатқан әйелді қарумен қорқытып, оның сөмкесін алып кетіпті. Оқиғаға куә болған 22 жастағы жігіт болса қарақшыларды қуамын деп, аяғынан жараланды. Күдіктілер оны атып кеткен.

Бұл сәтте жәбірленген әйел тәртіп сақшыларына хабар беріп үлгеріпті. Оқиға орнына дереу жеткен полицейлер небәрі 10 минут ішінде қарулы екі азаматты қолға түсірді. Оларды ұстауға аяғынан жараланған жас жігіт көмектескен көрінеді. Күдіктілерді тінту кезінде олардан ұрланған қаражат пен қару-жарақ айғақ зат ретінде тәркіленіп алынды.

Жәбірленген әйелдің айтуынша, ол туыстарына апарып бермек болып өзімен бірге 2,5 миллион теңгені сөмкеге салып алып шыққан екен. Күдіктілердің бұл қаражатты алдын ала білген-білмегендігі анықталып жатыр. Қазір екеуі де қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Ал, жарақаттанған жігіттің денсаулығы жақсы, ол үйінде ем қабылдауда. Жамбыл облыстық ІІД басшылығы оның үйіне арнайы барып, белсенді азаматтық ұстанымы мен немқұрайлылық танытпағаны үшін, сондай-ақ оның анасына осындай ұлды тәрбиелегені үшін алғысын білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары