$ 448.89  477.93  4.76

Елімізде кавасаки синдромымен ауырған балалар саны 16-ға жетті

Балалардың 80% -ында COVID-19 жеңіл және асимптоматикалық түрі болған, ал тек 20% -ы орташа ауырлықпен ауырған. Олар негізінен COVID-19 курсын нашарлататын ауыр созылмалы патологиясы бар балалар болды.
Фото: ашық дерек көзі
Фото: ашық дерек көзі

Қазақстанда Кавасаки синдромымен ауырған балалар саны 16-ға жетті, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұл туралы "Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы" АҚ Басқарма төрайымы, дәрігер педиатр, медицина ғылымдарының докторы Риза Боранбаева мәлім етті. 

"Қазіргі таңда республикада 16 жағдай тіркелген. Олардың ішінде 8 бала емделіп шықты. Қалған науқастар көпслалалы балалар ауруханаларында ем алып жатыр. Мұндай ауруды емдеу кезінде тек қана инфекционистер ғана емес, басқа мамандар да атсалысады. Кавасаки синдромы кезінде уақытылы госпитализациялау өте маңызды. Тиісті ем-шаралар жасалатын болса, балалар емделіп кетеді", - дейді.

Сонымен қатар, елімізде 52 бала коронавирус синдромымен ауырып жатыр.

"Балалар ересектерге қарағанда коронавируспен сирек ауырады. Оларда клиникалық белгілер көп байқала бермейді. Ауруханаға жатқызуды онша қажет етпейді, олардың аурулары асимптоматикалық және жеңіл дәрежеде өтеді.  Жалпы, Қазақстанда пандемия басталғалы бері 2,5 мың бала коронавирус ауруымен ауырды. Оның ішінде 111 нәресте", - дейді маман.

Балалардың 80% -ында COVID-19 жеңіл және асимптоматикалық түрі болған, ал тек 20% -ы орташа ауырлықпен ауырған. Олар негізінен COVID-19 курсын нашарлататын ауыр созылмалы патологиясы бар балалар болды.

"Соңғы күндері біз қазақстандық аналардың коронавирус инфекциясы немесе Кавасаки синдромына байланысты алаңдаушылық танытып жатқанын байқадық. Уайымдамаңыздар, Кавасаки синдромының жаппай таралуы тіркелмеді. Коронавирустық инфекцияны жұқтырған шамамен 2,500 баланың тек 16-сында Кавасаки синдромы расталды", - деді Бағдат Қожахметов ОКҚ-да өткен брифингте.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары