$ 448.15  483.46  4.86

Ақмола облысында қоғамдық орындарда қайыршылық жасаған 640 адам жауапқа тартылды

Оларға ескерту жасалады немесе бес АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салу көзделген
Фото: tirshilik-tynysy.kz
Фото: tirshilik-tynysy.kz

Ақмола полицейлері 2020 жылдың басынан бері қоғамдық орындарда қайыршылық жасап отырғаны үшін 640 адамды жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Заң бойынша қоғамдық орында қайыр сұрау қоғамдық тәртіпті бұзу болып саналады, ол үшін ескерту немесе бес АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салу көзделген. Бұл мәселе ақмолалық полицейлерде ерекше бақылауда тұр. Қайыршылардың ең танымал жұмыс орындары-шіркеулер, мешіттер, базар және қалалық саябақ. Осылайша, 2020 жылдың басынан бастап тәртіп сақшылары қоғамдық орындарда қоқан-лоққы жасағаны үшін 640 адамды жауапкершілікке тартты»,- делінген хабарламада. 

Айта кету керек, бірінші әкімшілік құқық бұзушылық үшін мұндай көшедегі тәртіп бұзушыға ауызша ескерту қарастырылған. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, көбінесе көрші елдердің азаматтары қайыр сұраумен айналысады. Бұл жағдайда тәртіп сақшылары олардың жалғыз әрекет ететінін немесе қылмыстық топтардың бақылауында екенін анықтайды, сондай-ақ оларды есепке қояды, ал көші-қон заңнамасын бұзған жағдайда сот шешімі бойынша елден шығарып жібереді. 

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары азаматтардың аз бөлігі полицияға қайыршылар мәселесі бойынша қоңырау шалатынына назар аударады. Ал құқық қорғау органдарына хабарлағандардың кейбірі куәгер болудан, қайыршылық фактісін растаудан бас тартады. Сондықтан полицияға осы немесе басқа жағдайды тіркеу және оған дәлелдер жинау қиын. 

Тәртіп сақшылары қоғамдық орында қайыршылық фактісінің куәсі болған қала тұрғындарына «102» арнайы желісіне хабарласуды ұсынады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары