Фельдшер жігіттер алматылық әйелді жедел жәрдем көлігінде босандырды, деп хабарлайды Stan.kz "Алматы" арнасына сілтеме жасап.
«Жүкті әйел толғақ күшейген кезде жедел жәрдем қызметін шақырды. Фельдшерлер оны ауруханаға апарды. Бірақ жаңа туған нәресте жедел жәрдем көлігінде өмірге келді», - дейді дәрігерлер.
Жүкті әйелді 8-қосалқы станцияның фельдшерлері Равиль Азизов пен Баратжан Рембакиев босандырып алды. Алматылық әйел жаңа туған ұлымен ақазір перинаталды орталықта жатыр. Олар өздерін жақсы сезінеді», - деді акушерлер.