Армения үкіметі Таулы Қарабақ Республикасының тәуелсіздігін мойындау туралы заң жобасын мақұлдады. Бұл жайында «Новости-Армения» порталы хабарлап отыр.
Қорытынды құжатта көрсетілгендей, заң жобасының қабылдануы - Ереван мен Степанакерт арасындағы келіссөздердің нәтижесі.
Армения сыртқы істер вице-министрі Шаварш Кочерянның айтуынша, егер Әзірбайжан тарапынан тағы да қысым көрсетілетін болса Қарабақтың тәуелсіздік мәселесі қайта қаралатын болады.
Естеріңізге салайық, сәуір айының басында Таулы Қарабақта Армения мен Әзірбайжан әскерилері қарулы қақтығысқа барып, салдарынан ондаған адам қаза тапқан болатын.