Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында кісі өлтіру оқиғасы болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Азаттық рухы сайтына сілтеме жасап.
«Мойынқұм ауылындағы азық-түлік дүкенінің жанында екі жас жігіт жанжалдасып, салдарынан біреуі қайтыс болды. Ауыр қылмыс жасауға не итермелегенін анықталып жатыр. Бұл жағдайды полицияға сол маңдағы үйлердің бірінде тұратын тұрғын хабарлаған», - деп хабарлайды.
Жедел-тергеу тобының мамандары оқиға орнына келгенде ер адамның денесін тапқан. Ол Қылышбай аулының 26 жастағы тұрғыны болып шықты.
Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен (кісі өлтіру) сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медицина сараптамасы тағайындалды.
Полиция қызметкерлері тергеу барысында күдікті ретінде Мойынқұм ауылының 27 жастағы тұрғынын ұстады. Ол кінәсін мойындады және одан 20-шы калибрлі қару тәркіленді.